«Райымбек ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы туралы есебі

«Райымбек ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы туралы есебі

«Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мекен жайы: индексі 041418, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Амангелді көшесі, № 19А. 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: - Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 113 отбасындағы 680 адамға 55 млн 788 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе,2023 жылы 200 отбасындағы 1209 жан санына 100 млн 333 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Салыстырмалы түрде алғанда 56% пайызға, яғни 87 отбасы мен 529 жан санына 44 млн 545 мың теңгеге кеміді. 2024 жылы 1-6 жас аралығындағы 214 балаға 8 млн 473 мың теңгеге жәрдемақы төленсе, 2023 жылы 1-6 жас аралығындағы379 балаға 15 млн 841 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама сатып алуға қаржы төленді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 165 балаға және 7 млн 368 мың теңгеге азайды. - 18 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, 472 мың теңге төленді. - Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 23 баланың отбасын материалдық қолдау мақсатында 1 млн 930 мың теңге жәрдемақы төленді. (Кварталда 8 АЕК мөлшерінде төлентін тоқсандық әлеуметтік жәрдемақы.) - Туберкулез ауруымен ауыратын 10 азаматқа 1 млн 214 мың теңге жәрдемақы төленді. (Ай сайын 7 АЕК мөлшерінде төленеді). - Ауғанстан, Тәжік-Ауған, Таулы Қарабақ, КСРО-да әскери борышын өтеу барысында мүгедектік алған және ҰОС жылдарындағы тыл ардагерлеріне, ҰОС жесірлері, Чернобыль апатына қатысқан 97 адамға жалпы сомасы 8 млн990 мың теңгеге әлеуметтік көмек төленді. - Ауылдық жерде тұратын білім беру, медицина, мәдениет және спорт саласында жұмыс істейтін 1797 қызметкерлерге 33 млн 173 мың теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. - Санаторий курорттық емделу бойынша «Кәусар бұлақ» емдеу сауықтыру кешені ЖШС 2 млн 064 мың теңгеге ұтып алып, Чернобыль апатына қатысушы 4 азаматқа және Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан 9 азаматқаемдеу-сауықтыру шараларын жүргізді. - Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар 39 отбасындағы 83 балаларға төленетін әлеуметтік көмек сомасы 4 млн 828 мың теңгені құрады. - Протез-ортопедиялық көмекке өтініш берген 61 адамның 57-і қамтамасыз етілді. Протез бұйымдарына 4 млн 836 мың теңге қаражат қарастырылып, игерілді. - Сурдотехникалық бұйымдарға өтініш берген9 адамның 7-і қамтылды. Игерілген қаражат 980 мың теңге. - Тифлотехникалық құралдарға 41 өтініш түсіп, толық қамтылды. Игерілген қаражат 3 млн 153 мың теңге. - Кресло-арба құралдарға өтініш берген 16 адамның 16-сытолығымен қамтылды. Игерілген қаражат 2 млн 967 мың теңге. - Міндетті гигиеналық құралдарға 158 өтініш түсіп, толық қамтамасыз етілді. Игерілген қаражат 33 млн 417 мың теңге. Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат. - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген азаматтардың отбасылық жағдайын зерделеп, жыл соңына дейін төмендету; - Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына заңға сәйкес ай сайын және тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсету мерзімдерін қадағалау; - Тұрғын үй көмегіне келіп түскен өтініштерді «Е-Халық» ақпараттық жүйесіне енгізу; - 9 мамыр – Жеңіс күніне қарсы тыл ардагерлеріне, Чернобыль, Тәжік – Ауған, Карабах, Даманск сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірне әлеуметтік жәрдемақыны мәлихат шешіміне сәйкес төлем жүргізу; - Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес келіп түскен өтініштерді қамтамасыз ету. - Жыл соңына дейін жоспардағы 9 нысанға 6 аймақ бойынша бейімдеу жұмыстарын қадағалау. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Сервистік әкімдік ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарындамемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері мен байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стенд ілінген. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). "Электрондық үкімет" порталы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін «Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда электрондық қызметтерді өз бетінше алуға кеңестер жүргізіледі. 2024 жылы" Электрондық бұрыштар " арқылы - 21 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы 11 түсіндіру іс-шаралары өткізілді. 54 мақала әлеуметтік желілерде, 1 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 1«Qyzmet Life»тікелей эфир, 4 ашық есік күні, 2 видеоролик, 4 семинар,онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен 62 адам қамтылды. 2024 жылы 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат Өтінішберушітуралымәлімет Шағымныңмазмұны Шағымдықарастырғанжәне (немесе) шешімқабылдаған орган (ұйым) Қарастырға нкүні Шағымдықарастырунәтижесібойыншақұжаттың № Қабылданғаншешім Қабылданғаншешімдіқайтақарастырутуралымәлімет 1 2 3 4 5 6 7 0 0 0 0 0 0 0 Бөлім басшысы Ф. Ысқақова
Дата публикации
18 апреля 2025