Райымбек ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстарға талдамалық анықтама
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, (17.10.2020 жылғы №390/НҚ бұйрығымен өзгерістер енгізілді) 54 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер «Е-акимат», «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензирование» электрондық жүйелері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және тікелей жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетіледі.
Райымбек ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2025 жылғы жоспарына сәйкес 1 тоқсан бойынша 1 мекеме- Райымбек ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі 1мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау жүргізілді. Қызметтерді көрсету кезінде кемшіліктер анықталмады. Ішкі бақылау жүргізілген уақыт аралығында азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арыз-шағымдар түспеген. Заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
2025 жылдың 1тоқсан қорытындысы бойынша Райымбек ауданының мемлекеттік мекемелері барлығы566, жеке тұлға –549, заңды тұлға -17мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
145 (жеке тұлға), 5(заңды тұлға)– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде,1 көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электрондық түрде ұсынылады («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда), оның ішінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша:403(жеке тұлға); 12 (заңды тұлға) - электрондық үкіметтің веб порталы арқылы көрсетілген.
62 (жеке тұлға) - мемлекеттік корпорация арқылы,;
Мәліметтерді сараптай келе мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электронды түрде көрсетудің үлесінің артқанын байқаймыз.
2025 жылдың 1 тоқсанындакөрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау және халықты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қағидаларымен таныстыру мақсатында аудандық «Хантәңірі» газетіне 5 мақала жарияланды. Райымбек ауданының аумағында мемлекеттік корпорацияның 1- бөлімшесі жұмыс істейді. Мемлекеттік орган ғимараттары халықтың мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуы үшін толықтай жабдықталған және ауданымызда Сервистік әкімдік жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші 7 мемлекеттік мекеме халыққа қызмет көрсетіп отыр.
2024 жылдың 12 айлығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау және халықты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің қызметкерлері арасында 5 семинар-кеңестер, 3 дөңгелек үстел және 2 ашық есік күндері, 1 билборд мемлекеттік қызметті танымалдандыру мақсатындағы акциялар өткізілді. Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 1200 адам қамтылды. Сонымен қатар 17 өзіне-өзі қызмет көрсету егов бұрышы жұмыс жасап тұр
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасыменаудан/қала әкімдіктері жанынан мемлекеттік қызмет көрсету бағытында мәселелерді қарау бойынша Мониторингтік топтар (бұдан әрі – Талдау тобы) құрылып, тиісті жұмыстар жүргізу қолға алынған болатын. Ауданда Мемлекеттік қызмет сапасына және мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыларға жасалған жағдайларға арнайы мониторинг тобы бақылауды арттыру мақсатында құрылған Талдау топтары мүшелерінің құрамы қажеттілігіне қарай қоғам белсенділерімен толықтырылған.
Қоғамдық талдау тобы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талдау тобы бойынша 6 мемлекеттік мекемеге арнайы мониторинг жүргізілді. Тексеру нәтижесінде хаттама толтырылып бірқатар кемшіліктер анықталып, орындауға 1 ай мерізім берілді мерзімде ұсынымдар толығымен орындалды.
Қоғамдық кеңес отырысы бойынша 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Аудандық қоғамдық кеңесте күн тәртібінде 1 мемлекеттік мекемелер қаралып ,мекемеге екі ұсынымнан беріліп, ұсынымдардың барлығы толығымен орындалды.
Сонымен қатар қазіргі таңда ақпараттық жүйелер ғасырының кері байланыс орнатудың негізгі құралы әлеуметтік желілер екендігі сөзсіз. Осы орайда, Мемлкеттік қызметтер Райымбек ауданы фейзбук әлеуметтік желісінде Райымбек ауданы әкімдігі ресми сайтында жарияланып отырады.
Қортындылай келе, Департаментпен бірлесіп ауданымызда мемлекеттік қызметтерді сапасын арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Аппарат басшысы Г. Кенебаева
Орынд: М. Нұрмұханбетқызы