Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы
2-тармағының 2-3) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023жылғы
30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
2. Райымбек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 13-73«Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6050-05 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының «Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |