Райымбек ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы

Райымбек ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандықбюджеті туралы

  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес,Райымбекаудандықмәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарғаарналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер 6 827 546 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 2 617 548 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 4 330 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 3 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері 4 202 668мың теңге;

2) шығындар 6 827 546мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 59 715 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 129 375 мың теңге; 

бюджеттік кредиттерді өтеу 69 660 мың теңге;

4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5)бюджет тапшылығы (профициті)(-) 69 715 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      69 715 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері 120 375 мың теңге;

қарыздарды өтеу 79 660 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2.2025 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 389 119 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Жамбыл ауылдық округіне 67 640 мың теңге;

Қайнар ауылдық округіне 38 391 мың теңге;

Қақпақ ауылдық округіне 29 402 мың теңге;

Қарасаз ауылдық округіне 38 101 мың теңге;

Нарынқол ауылдық округіне 33 944 мың теңге;

Сарыжаз ауылдық округіне 51 875 мың теңге;

Сүмбе ауылдық округіне 86 406 мың теңге;

Текес ауылдық округіне 36 151 мың теңге;

Ұзақ батыр ауылдық округіне 35 965 мың теңге;

Шәлкөде ауылдық округіне 27 987 мың теңге;

Тегістік ауылдық округіне 29 757 мың теңге.

  1. 2025жылғаарналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға;

елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға;

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;

елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға;

аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Райымбек ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Райымбек ауданы әкімдігінің 2025 жылға арналған резерві 7 170мың теңге сомасында бекітілсін.

         5.Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихаттың «Жергілікті өзін-өзі басқару, экономикалық және әлеуметтік даму, бюджет, халыққа сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. 6. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
20 декабря 2024