Райымбек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-90 «Райымбек ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы

Райымбек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-90 «Райымбек ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы

 

Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Райымбек аудандық мәслихатының «Райымбек ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-90 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 192 231 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарғаарналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер 6 368 268 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 3 854 512 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 97 мың теңге;

трансферттер түсімдері 2 513 659 мың теңге;

2) шығындар 7 397 467мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 298 817 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 393 198 мың теңге; 

бюджеттік кредиттерді өтеу 94 381 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;      

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 328 016мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      1 328 016 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері 1 211 098 мың теңге;

қарыздарды өтеу 94 381 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 211 299 теңге».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

         3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихаттың «Жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. 4. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 декабря 2024