Райымбек ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Райымбек ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жергілікті өзін өзі басқару, бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм, иновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатнастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
|
Аудандық мәслихат хатшысы
|
Т.А.Ә.
|