2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдум Райымбекауданының аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

2024 жылғы 6 қазандағы

республикалық референдум

 

Райымбекауданының аумақтық референдум комиссиясының

ШЕШІМІ

 

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы                         3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

Р/б

№

Референдум учаскесінің №

Учаскенің орналасқан жері

1.      

784

Нарынқол  ауылы, Жанайұлы көшесі, 1,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының Нарынқол шекара бөлімі

2.      

785

Сүмбе ауылы, Назар көшесі, 1,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының Сүмбе шекара бөлімі

 

  1. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешім Райымбек ауданының аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі Алматы облысының аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

Төраға                                                     А. Бексултанов

 

   Хатшы                                                  А. Жанахметова

 

 

Нарынқол ауылы,

2024 жылғы 24 қыркүйек

№ 11 шешім

Дата публикации
25 сентября 2024