Райымбек ауданы әкімінің
2021 жылы ауданда атқарылған жұмыстарының
қорытындысы туралы ЕСЕБІ
ӨНЕРКӘСІП
2021 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 млрд. 042,8 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 161,3%.(2020 жылы 1 млрд. 596,7 млн. теңге).
2021 жылы «Нарын Голд» ЖШС-гі827,7 млн. теңгеге 33 килограмм атын өндірді.
2021 жылы «Бүркіт» отын-энергетикалық компаниясы Ойқарағай көмір кенінен320,9 млн. теңгеге 40 111,5 тонна көмір өндірді. 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. (Бір тоннасы 8000 теңгеден)
2022 жылы «Конаев и Компания» ЖШС-гі қуаттылығы 2,2 МВт болатын Қақпақ су электр станциясының құрылыс жұмыстарын бастайды. Қазіргі уақытта Чехия мемлекетімен қажетті агрегаттар сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобалық құны 1,2 млрд. теңге. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
2023-2024 жылдары «КазГидроКаскад» ЖШС-гі Байынқол, Текес өзендерінің бойынан қуаттылығы 32,8 МВт және 24,8 МВт болатын су электр станцияларының құрылыс жұмыстарын жоспарлауда. 2021 жылдың қазан айында «Энергия Семиречья» ЖШС-мен өзара ынтымақтастық және жобаларды іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуда. 2022 жылы жобалау жұмыстары басталады. Тартылатын инвестиция көлемі 32,6 млрд. теңге.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
2021 жылдың 12 айындағы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 40млрд.206,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 100,9%. (2021 жылғы жоспар 37,8 млрд. теңге, 2020 жылы орындалғаны 36 млрд. 646,9 млн. теңге)
2021 жылы 6050 гектаржергеотырғызылған картоптың әр гектарынан216 центнерден(2020 жылы 215 центнерден)өнім алынды.
2018 жылдан бері 4 сервистік дайындау орталықтары 622,8 млн. теңгеге 139 бірлік ауылшаруашылық техникаларын алды.
2021 жылы аудан шаруа қожалықтары 191,9 млн. теңгеге 9 бірлік трактор, 30 бірлік ауылшаруашылығы техникаларын алды. (лизинг арқылы 136,4 млн. теңге, өз қаражаттары есебінен 55,5 млн. теңге).
2021 жылы ауа-райының қолайсыздығына байланысты шаруа қожалықтары 11 бірлік жаңбырлатып суғару техникаларын сатып әкелді.
Ауданымызда 271 974бас қой мен ешкі бар, оның ішінде, 145 мың басы архар меринос. Атап айтқанда «Ақ-нұр» шаруа қожалағы биязы жүнді асыл тұқымды архар меринос қойын өсірумен айналысады.
Ірі қара және қой шаруашылығын асылдандыру жұмыстарымен ауданымызда 136 шаруа қожалығы айналысып отыр. Малды асылдандыру көрсеткішін көтеру бойынша 169 бас асыл тұқымды бұқа қолданылуда.
2021 жылыАуылшаруашылығы басқармасы арқылы «Дараты» каналына жеңіл жөндеу жұмыстарына48,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 23401 гектар суғармалы егістік жер бар. Оның ішінде 18080 гектар жер8шаруашылық аралық каналдар арқылы суғарылады. Аталған 8 каналдың 5-не күрделі жөндеуге жасалынған ЖСҚ-ның сараптама қорытындысының пайдалану мерзімі өткен. Сараптама қорытындысының пайдалану мерзімі өткен 2 каналдың ЖСҚ-на қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде.
ЖСҚ-сы жарамды Дараты (694,3 млн. теңге), Қаратоған (49,2 млн. теңге), Қақпақ (62,1 млн. теңге) каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарына 805,6 млн. теңгеге республикалық бюджетке өтінім жолданды.
12ішкі шаруашылық каналдары арқылы 5321 гектар жер суғарылады. Аталған каналдарды жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасалынып, сараптамадан өткен. Жөндеу жұмыстарына 3 млрд. 789 млн. теңге қажет. Жөндеу жұмыстарына қаржы сұрап, республикалық бюджетке өтінім жолданды.
Аталған каналдарға жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда 15 321 гектар жер айналымға қосылады. (Каналдар жөнделген жағдайда суғармалы егістік жердің көлемі 38 722 гектарға жетеді)
Аудан бойынша 6тоспаныңқұрылысына ЖСҚ жасалынған. 2021 жылы Ұзынбұлақ(600 гектар), Белбұлақ(400 гектар),Ауыл(750 гектар) тоспаларының құрылыс жұмыстарына707,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 1750 гектар суармалы егістік жер айналымға қосылады.
Қалған Шибұт(1800 гектар, 364,0 млн. теңге),Шолақ(1200 гектар, 147,0 млн. теңге), Қабанды(1050 гектар, 129,0 млн. теңге)тоспаларының құрылысына 640,0 млн. теңгеге облыстық бюджетке өтінім берілді.(6 тоспадан 5800 гектар суғармалы жер айналымға қосылады)
ИНВЕСТИЦИЯ
2021 жылы тартылған инвестиция көлемі5млрд. 414,1 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 57,2%.(2020 жылы 8 млрд.674,5 млн. теңге)
2021 жылы Сарыжаз ауылдық округінен«Лабасы-А» кооперативі 200 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарын аяқтады. Жұмсалған қаражат мөлшері36,0 млн. теңге, 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қарасаз ауылдық округінен«Alatau agro» ЖШС-гі 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын салды.Тартылған инвестиция көлемі 73 млн.теңге, 12 адам жұмыспен қамтылды.
Қарасаз ауылдық округінен «Рауан Репродуктор» ЖШС-гі 180,0 млн. теңгеге 1000 басқа арналған ірі-қара малын бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарын аяқтады. 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Қазіргі уақытта құжаттарын рәсімдеуде.
Қарасаз ауылынан «SNB Biz & Group» ЖШС-гі сүт қабылдайтын және өңдейтін цехтың құрылысын аяқтады. Тартылған инвестиция көлемі 401,5 млн. теңге (өз қаражаты 201,5 млн. теңге, кредит 200,0 млн. теңге), 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
2022 жылы шет елден 400 бас симменталь тұқымды сиырлар әкелуді көздеп отыр, қазіргі уақытта 200 бас сиыр тіркелген. Мақсаты: сүт, қаймақ, ірімшік, құрт, айран өндіру.
БЮДЖЕТ
2021 жылғы жалпы салық жоспары 1 млрд. 5,3 млн. теңге. 12 айда орындалғаны 1 млрд. 152,4 млн. теңге немесе 114,6%.(2020 жылы түскені 863,0 млн. теңге)
Республикалық бюджет бойынша жоспар 145,3 млн. теңге, 12 айда түскені 153,8 млн. теңге немесе 105,8%.(2020 жылы түскені 105,0 млн. теңге)
Жергілікті бюджет бойынша жоспар 859,9 млн. теңге, 12 айда түскені 998,6 млн. теңге немесе 116,1%(2020 жылы түскені 758,0 млн. теңге)
Оның ішінде: облыстық бюджеттің жоспары 663,5 млн. теңге, орындалғаны 778,5 млн. теңге, аудандық бюджеттің жоспары 196,4 млн. теңге, орындалғаны 220,1 млн. теңге.
Бюджет шығысында жоспарланған 6 млрд. 729,7 млн. теңгенің 6 млрд. 662,8 млн. теңгесі игерілді немесе 99,1%.
ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ
2021 жылы4 млрд. 672,7 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды. Нақты көлем индексі 55,9%.(2020 жылы 6 млрд. 609,0 млн. теңге).
2021 жылыНарынқол ауылынан аудандық мұрағат ғимаратының құрылыс жұмыстарына122,9 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталды.Қазіргі уақытта жобаға түзету жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға 52,0 млн. теңге бөлінді.(Мердігер «ЭнергоСтрой Проект» ЖШС-гі, Жобаның құны 174,9 млн. теңге.)
2021 жылы Нарынқол ауылдық әкімшілікғимаратының құрылыс жұмыстарына 25,3 млн. теңге бөлініп, 17,9 млн. теңгесі игерілді. (Игерілмегені 7,4 млн. теңге)Құрылыс жұмыстарының 30%-ы аяқталды.Қазіргі уақытта жобаға түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптамадан өтті. Жобаның құны 184,3 млн. теңге.2022 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға 89,1 млн. теңге бөлінді. (Мердігер «Golden City DS» ЖШС-гі)
2021 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасының аясында Жамбыл(Мердігер «МонолитСтрой» ЖШС, жобалық құны 476,2 млн. теңге, 2021 жылға бөлінгені 224,7 млн. теңге, игерілмеді), Сүмбе(Мердігер «Golden City DS» ЖШС-гі, жобалық құны 746,4 млн. теңге, 2021 жылға бөлінгені 394,5 млн. теңге, игерілгені 116,3 млн. теңге) ауылдарынан мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстарына Ұлттық қордан 619,2 млн. теңге бөлініп, 116,3 млн. теңгесі игерілді. (Игерілмегені 502,9 млн. теңге)Қазіргі уақытта жобаға түзету жұмыстарыжүргізіліп, мемлекеттік сараптамадан өтті.2022 жылға құрылыс жұмыстарына Жамбылға200,0 млн. теңге, Сүмбеге100,0 млн. теңге бөлінді.
2021 жылы Нарынқол ауылынан аудандық өрт сөндіру ғимаратының құрылыс жұмыстарын бастауға140,0 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Қазіргі уақытта жобаға түзету жұмыстарыжүргізіліп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның құны 428,4 млн. теңге.Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады.2022 жылға құрылыс жұмыстарына 240,0 млн. теңге бөлінді.(Мердігер «Дәулет Серпин 603» ЖШС-гі)
2022 жылғаНарынқол ауылынан 20 жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына 200,0 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына 40,0 млн. теңге бөлінді.
2021 жылы7 073 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе сәйкес кезеңмен салыстырғанда 109,5%-ға жоғарылады. (2020 жылы 6 460 шаршы метр).
ЖКХ
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасының аясында Қарасаз ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 14 шақырымның 9 шақырымына су құбырлары тартылды. Мердігер «Дәнекер» ЖШС-гі. Жоба құны 381,4 млн. теңге. Аяқталу мерзімі 2022 жыл.
Шәлкөде ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы аяқталды. 2022 жылы сәуір айында пайдалануға беріледі. Мердігер «Дәнекер» ЖШС-гі. Жоба құны 360,5 млн. теңге.
2022 жылға Жаңа-Текес ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына 43,1 млн. теңге бөлінді. Жобалық құны 433,3 млн. теңге.
Сонымен қатар Тегістік(623,6 млн. теңге), Көкбел(619,9 млн. теңге), Тұзкөл(464,8 млн. теңге) ауылдарының ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. 2022 жылға құрылыс жұмыстарына 1 млрд. 708,3 млн. теңгеге республикалық бюджетке өтінім берілді.
Қаратоған ауылының ауыз су жүйесініңқұрылысынаЖСҚ жасалынып, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
2021 жылы Нарынқол ауылының орталығынан М.Мақатаев атындағы жастар саябағын салуға 200,0 млн. теңге бөлінген. Жалпы жобалық құны 306,0 млн. теңге. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталды.
2022 жылға Қайнар, Сарыжаз, Текес, Тұзкөл ауылдарына көше жарық шамдарын орнатуға 160,3 млн. теңге бөлінді.
ЖОЛ
Аудан аумағында 66 шақырым республикалық маңызы бар, 240 шақырым облыстық маңызы бар, 282 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бар.
Облыстық маңызы бар,Қарасаз-Тұзкөл ауылдарының аралығындағы 19 шақырым автокөлік жолынакүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 30.11.2022 жыл. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының60%-ы аяқталды. Жоба құны1 млрд. 852 млн. теңге. Мердігер «AblBekAi company» ЖШС-гі.
Облыстық маңызы бар,Қарасаз-Шәлкөде-Талас ауылдарының аралығындағы 19 шақырым автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жоба құны 540,0 млн. теңге. Аяқталу мерзімі 30.11.2022 жыл. Мердігер «AblBekAi company» ЖШС-гі.
Облыстық маңызы бар,Сарыжаз-Көмірші ауылдарының аралығындағы 22 шақырым автокөлік жолын орташа жөндеужұмыстары басталды. Жоба құны 740,0 млн. теңге.Мердігер «AblBekAi company» ЖШС-гі.
2021 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасының аясында Қақпақ, Қызылшекара ауылдарының ішіндегі6,7 шақырым көше жолдары орташа жөндеуден өтті. Жоба құны 181,5 млн. теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сарыжаз, Қайнар ауылдарының ішіндегі4,4 шақырым көше жолдары орташа жөндеуден өтті. Жоба құны 136,1 млн. теңге.
Сарыбастау ауылының ішіндегі 5,0 шақырым көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары 90%-ға аяқталды. Мердігер «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС-гі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын толық аяқтамаған мердігер компанияның ісі сотқа жолданып, сот процессі жүргізілуде. Жоба құны 119,8 млн. теңге.
Талас ауылының 7,5шақырым көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС-гі. Аяқталу мерзімі 2022 жылдың шілде айы. 2022 жылға құрылыс жұмыстарына 74,0 млн. теңге бөлінді. Келісім шарт құны 156,8 млн. теңге.
2022 жылыҚызылшекара(80,0 млн. теңге), Нарынқол(157,9 млн. теңге)ауылдарының көше жолдарын орташа жөндеуге237,9 млн. теңге бөлінді.
Бұдан бөлек Жамбыл(125,0 млн. теңге), Қызылшекара (40,0 млн. теңге),Қақпақ (163,3 млн. теңге), Шәлкөде (100,8 млн. теңге), Талас(73,8 млн. теңге) ауылдарының көше жолдарын орташа жөндеуге502,9 млн. теңгеге өтінім жолданды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Жыл басынан бері 25адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіліп, оның 22-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жыл басынан бері 20 азаматқа 77,8 млн.теңге микро кредиттер берілді.
200 айлық есептік көрсеткіш (583 400 теңге) көлемінде 70 азаматқа 40,8 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді.
Жұмыссыз ретінде 1 296азамат тіркеліп, оның 907-і жұмысқа орналастырылды. (70,0%)
Қоғамдық жұмысқа 470(жоспар 380) адамға жолдама беріліп, көрсеткіш 123,6%-ға орындалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 35(жоспар 28 адам) адам тартылып, көрсеткіш 125%-ға орындалды.
Жастар тәжірибесіне 33(жоспар 33 адам) жас маман жұмысқа жіберіліп, көрсеткіш 100%-ға орындалды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
2021 жылғы бөлшек тауар айналымының көлемі 1 млрд. 920,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 68,6%. (2020 жылы 2 млрд. 579,3 млн. теңге)
ТУРИЗМ
Ауданда 7 туристік нысандар демалушыларға қызмет көрсетеді (3 қонақ үй, 3 аңшылар үйі, 1 спорттық сауықтыру лагері).
2021 жылы «Қарасай Жайлауы» ЖШС-гі Қақпақ ауылынан 25 шақырымда орналасқан тәулігіне 50 адам қабылдайтын демалыс орнын іске қосты. Демалыс аймағында туристерге қызмет көрсететін 7 қонақ үй, 5 киіз үй, 1 қоғамдық монша, 30 адамға арналған 1 асхана және 50 адамға арналған 1 мейрамхана жұмыс істейді. 6 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
2021 жылы жеке кәсіпкер Смағұлов Алмас туристерді қабылдайтын «Хан-тәңірі» сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын бастады. Жоба құны 50,0 млн. теңге. Ашылатын тұрақты жұмыс орны 10 адам.
2022 жылы «ТауВилла»ЖШС-гі туристерді қабылдайтын этноауылдың құрылыс жұмыстарын бастайды. Жоба құны 20,0 млн. теңге. Ашылатын тұрақты жұмыс орны 5 адам.
БІЛІМ БЕРУ
Ауданда 19 орта, 1 негізгі және 2 бастауыш мектеп бар. Оларда 6082 оқушы білім алады.
0-6 жас аралығында 3747 бала есепте тұрады. 3-6 жас аралығында 2322 бала бар. Балаларды мектепке дейінгі қамту көрсеткіші 96,6%.
Биылғы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тұзкөл ауылындағы Т.Мұсақұлов атындағыорта мектебініңкүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталды. Мердігер «Golden City DS» ЖШС-гі. Жоба құны 546,9 млн. теңге.
2021 жылы Қарасаз ауылындағы А.Барманбекұлы атындағы орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 44,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.
2022 жылға Көмірші ауылындағы Көмірші орта мектебінекүрделі жөндеу жұмыстарына583,5 млн. теңге, Көкбел ауылындағы Көксай орта мектебінекүрделі жөндеу жұмыстарына550,8 млн. теңге бөлінді.
Сарыбастау ауылындағы С.Сауранбаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға 500,0 млн. теңге бөлінді. Жобалық құны1 млрд. 303,0 млн. теңге. (Жобалаушы «СТРОЙТЕКС» ЖШС-гі)
Қарасаз ауылындағыөнер мектебініңғимараты тозған, жөндеуге жарамсыз. 2021 жылы жаңа өнер мектебінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобалық құны690,0 млн. теңге.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Денсаулық сақтау саласында аудан бойынша 18 нысан бар. Оларда 57 дәрігер, 247 орта буын және 101 кіші буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
2021 жылы туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 10,8 құрады (432 бала), 2020 жылы 13,5 (540 бала).
Жалпы өлім 1000 адамға шаққанда 5,1 құрады (204 адам), 2020 жылы 5,7 (230 адам).
2021 жылы ана өлімі тіркелген жоқ, 2020 жылы 1 жағдай тіркелеген.
2021 жылы 7 сәби өлімі тіркелді, 2020 жылы 16 сәби өлімі тіркелеген.
2021 жылы159 мыңтұрғындар медициналық көмек алды, 2020 жылы осы көрсеткіш 122 мың адамды құрады.
Онкологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұратын науқастардың5 жылдық өмір сүру көрсеткіші жоғарылады, вирустық гепатит пен бруцеллез ауруына шалдығу айтарлықтай төмендеді.
2022 жылғаНарынқол ауылынан 250 орындық емхананың құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен1 млрд.489,0 млн.теңге бөлінді.
2022 жылға Жаңа-Текес ауылынанмедициналық пунктғимаратының құрылысына 116,8 млн. теңге,Талас(141,1 млн. теңге), Қаратоған(189,5 млн. теңге) ауылдарынанфельдшерлік акушерлік пунктғимараттарының құрылысына 330,6 млн. теңге бөлінді.
Аудандық ауруханағимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасалынып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Жобалаушы «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС-гі. Жоба құны 1 млрд. 800,0 млн. теңге.
МӘДЕНИЕТ
2021 жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, республика көлемінде атап өтілді.
Нарынқол ауылының орталығынан ақиық ақын М. Мақатаевтың ескерткіші орнатылды.(Жоба құны 61,8 млн. теңге)
2021 жылы мәдениет саласын дамыту мақсатындаҚақпақ ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалуда. Жоба құны315,8 млн. теңге. 2022 жылға құрылыс жұмыстарына 269,9 млн. теңге бөлінді.
Қайнар, Текес ауылдарындағы мәдениет үйлерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 28,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
2022 жылға Сарыбастау (15,0 млн. теңге), Қайнар (10,0 млн. теңге) ауылдарындағы мәдениет үйлерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 25,0 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, Сарыжаз,Шәлкөде, Тегістік ауылдарындағы авариялық ескі мәдениет үйлерін бұзуға қорытынды алынған. 2022 жылға аталған ауылдардан жаңа мәдениет үйлерін салуға ЖСҚ жасатуға 108,2 млн. теңгеге облыстық бюджетке өтінім жолданды.
СПОРТ
2022 жылғаСүмбе ауылынан шағын спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына 594,9 млн. теңге бөлінді(Жобалық құны 1 млрд.121,6 млн. теңге).
2022 жылғаҚызылшекара ауылынан шағын спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына 441,3 млн. теңге бөлінді (Жобалық құны 873,4 млн. теңге).
Сарыбастау ауылынан осындай шағын спорт кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы «СТРОЙТЕКС» ЖШС-гі. 2022 жылдың наурыз айында мемлекеттік сараптамаға жолданады. Жобалық құны 700,0 млн. теңге.
Жамбыл, Текес, Қақпақ, Сарыжаз ауылдарынан шағын спорт кешендерінің құрылысына жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстарына ЖСҚ жасатуға 102,0 млн. теңгеге облыстық бюджетке өтінім жолданды.
ҚЫЛМЫС
2021 жылы 49 қылмыс тіркелсе, 2020 жылы 68 қылмыс тіркелген немесе27,9%-ға төмендеді.
Оның ішінде ауыр қылмыс15(2020 жылы 10), өте ауыр қылымыс2(2020 жылы 2).
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахме