Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидалары" қаулысының 2-тарауының 4,5-тармақтарына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0(нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Самат Сатылғанов Нақысбекұлына жүктелсін.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Райымбек аудандық мәслихатының
хатшысының м.у.а. С .Мүсірбаев