ЖОБА Райымбек ауданының әкімдігінің 04 сәуір 2017 жылғы № 40 қаулысының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Райымбек ауданы әкімдігінің «Райымбек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4169 тіркелген, 2017 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлына жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                              Н. Құдайбергенов

Жоба
Дата публикации
10 марта 2021