Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы

қорытынды  ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,     2026 жылғы 29 сәуірде Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  2026 жылғы 7 маусымға Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімін сайлауды тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Хантәңірі» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2  учаскелік сайлау комиссиялары, 12 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Жамбыл ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 1488 адамды құрайды.

2026 жылдың 30 сәуірде бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, облыс әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 12 мамырдағы  жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 12 мамырда  сағат   18:00-де аяқталды.

 

 

Райымбек ауданынынң аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
13 мая 2026