Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ Алматы облысы Райымбек ауданының
Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін
сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Райымбек ауданының Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2026 жылдың 07 маусымға тағайындалсын.
- 2026 жылғы 07 маусымға тағайындалған Алматы облысы Райымбек ауданының Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы «ХанТәңірі» газетінде жариялансын және Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға А. Бексұлтанов
Хатшы А. Жанахметова
Нарынқол ауылы,
2026 жылғы 29 сәуір,
№ 15