2026 жылғы 07маусымға тағайындалған Алматы облысы Райымбек  ауданы Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Райымбек ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 29 сәуірдегі

№ 15 қаулысына қосымша

 

 

2026 жылғы 07маусымға тағайындалған Алматы облысы Райымбек  ауданы Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі-әкім) сайлауды тағайындау.

 

Райымбекауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 29сәуір

(113-1 б. 2-т, 3-т)

2. Сайлау округінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы мәлеметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 9мамырдан  кешіктірмей

(22 б. 2-т.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 9мамырданкешіктірмей

(13 б. 4- т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 14мамырдан  кешіктірмей

(17 б. 2- т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Райымбек ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

2026 жылғы 14мамырданкешіктірмей

(23 б. 5 т.)

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2026 жылғы 30сәуірде басталады және2026 жылғы 12мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-деаяқталады

(113-3 б. 1-т, 5- т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 

(4 б., 113-2 б.)

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күнінен бастап

(14 б. 8-1) т., 31 б.)

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкім болуға кандидаттарды қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4 бап)

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4 б. 8 -т.)                                                                                                                                     

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

Әкім болуға кандидаттар,

Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5 б. 2 -т.)

 

12. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, 2026 жылғы 1 сәуірге  (ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5 б. 3- т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5 б.3 -т.)

14. Әкім болуға кандидатты тіркеу және оған тиісті куәлікті беру

 

Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

2026 жылғы 17мамырдажергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5 бап)

15. Әкім болуға кандидатты тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

                                                                         (113-5 б. 9- т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Райымбек ауданының әкімдігі, Райымбек ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28 б. 6- т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы 17мамырдан жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы       06маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27 б. 2- т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Райымбек ауданының әкімдігі және Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28 б. 4- т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.

 

Райымбек  ауданының әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2026 жылғы 18мамырға дейін

                                                                                (24 б. 5 т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2026 жылғы 23мамырдан бастап

(26 б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2026 жылғы 28мамырға дейін

(18 б. 5) т., 38 б. 2- т.)

 

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2026 жылғы 04маусымнан ерте емес және                  06маусымға  дейін

(37 б. 3 -т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат қалғанда

2026 жылғы 07маусымдажергілікті уақыт бойынша сағат06.00-де

(40 б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 07маусымдажергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

                                                                                (38 б.1- т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат20.00-де басталады

(18 б. 8) т., 43 б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43 б. 8- т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8 б.1 -т.)

28. Әкімді сайлаудың қорытындыларын белгілеу

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 10маусымнан кешіктірмей

(113-10 б.1- т.)

 

 

29. Әкімді сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 14маусымнан кешіктірмей

(44 б. 4-т. 4) т.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру.

 

 

Райымбек  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылғы 14маусымнанкешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
29 апреля 2026