Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Алматы облысы Райымбек ауданының Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Алматы облысы Райымбек ауданының Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін

сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес  Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Райымбек ауданыныңЖамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2026 жылдың 07 маусымға тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 07 маусымға тағайындалған Алматы облысы Райымбек ауданының Жамбыл және Сарыжаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегінегізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы «ХанТәңірі» газетінде жариялансын және Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

         Төраға                                                               А. Бексұлтанов

 

 

         Хатшы                                                                  А. Жанахметова

 

 

 

 

 

 

 

Нарынқол ауылы,

2026 жылғы 29сәуір,

№15

 

Дата публикации
29 апреля 2026