Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Экономика және бюджет

Райымбек ауданы 2023 жылдың 8 айындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша негізгі  әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерден біршама оңды нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтқанда,  өнеркәсіп өнімінің көлемі 649,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 166,2 %-ға орындалды. (2022 жылы 57,8 пайыз).

2 280 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе сәйкес кезеңмен салыстырғанда 106,3%-ға орындалды. (2022 жылы 2 145 шаршы метр).

Тауар айналымы 1 млрд. 144,6 млн. теңгені құрап, нақты индекстің көлемі 100,3  пайызын құрады.  (2022 жылы 999,7 млн. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру– 2,8%-ға (22,8 млрд. тг), құрылыс жұмыстары – 24,6%-ға (3,3 млрд. тг ) ұлғайса, 5,8 млрд.  теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге өсіп, немесе 135 пайызға орындалды.  (2022 жылы 4 млрд. 134,5. теңге)

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі2023 жылдың 8 айында ауылшаруашылық өнімінің көлемі  22,8 млрд. теңгені құрады.  Нақты көлем индексі 102,8%.

Өткен жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіру 0,3%-ға азайса, сиыр сүтін өндіру 43,9%-ға, жұмыртқа өндіру 5,8%-ға өсті.

Мал шаруашылығында ірі қара малы мен қой мен ешкінің саны өсіп отыр. Жалпы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда аудан бойынша ірі қара малы 2116басқа, қой мен ешкінің саны 6168 басқа, жылқының саны 147 басқа азайған.

Алматы облысында асыл тұқымды мал шарушылығын дамыту 2023-2026 жылдарға арналған бағдарлама бойынша ауданымызда ниет білдірген 33 шаруа қожалығы құжаттарын тапсырып, қазіргі уақытта 7 шаруа қожалығы 789 ірі қара, 400 бас ұсақ мүйізді асыл тұқымды малдарын сатып алды.

Ағымдағы жылы шаруа қожалықтары 157,3 млн.теңгеге5 трактор және 14 ауылшаруашылық агрегаттарын сатып алынды.

Аудан бойынша пайдаланып отырған егістік жердің көлемі - 38 854  га.  2023 жылғы арналған егіс жоспарына сәйкес егілетін дәнді дақыл көлемі – 11 850 га, оның ішінде: жаздық бидай – 5195 га, арпа – 4605 га, күздік бидай – 2050 га.

32 мың га суармалы жер тіркелген, бүгінгі таңда тек 23,5 мың га суармалы жер пайдаланылады. Қалған 8,5 мың га суармалы жерді айналымға енгізу үшін суару жүйелерін жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта өзекті мәселе су қоймалары мен магистральдық арналарды толық қалпына келтіру болып табылады. Осы бағытта ауданның 6 су қоймасын, 8 магистральдық каналдары мен 12 ішкі шаруашылық каналдарын қалпына келтіру бойынша құны 8,4 млрд. теңгені құрайтын жоба әзірленіп, жөндеу жұмыстары басталды. Аудан көлеміндегі 8 магистральдың 12 ішкі шаруашылық каналдары толық техникалық құжаттары жасалып, жобалық сметалық құжаттамаларымен бірге облыстық ауылшаруашылық басқармасының теңгеріміне өткізіліп берілді.

2023-2024ж. мал қыстатуға шөп жинау жоспары: 204,3 мың тонна болса, бүгінгі күнге орындалғаны 204,3 мың тоннашөп толығымен 100 пайызға орындалды.

Егін жинау және күзгі егіс жұмыстарына 120ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 527 тоннаға өтінім берсе, қазіргі күнге алынғаны 26 тонна.

"Ауыл аманаты" жобасы бойынша 641 өтініш түсіп, 142 жобаның (880,4 млн. теңге) құжаттары«Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына тапсырылды.Комиссиясында қаралып, несиесі мақұлданған құжат саны 48, оның ішінде 15 кәсіпкер99,4 млн. теңгеге несие қаражатын алды. Қазіргі уақытта «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы құжаттарды қабылдамауда.

«Әр ауылда бір жоба» бағдарламасы аясында елді мекендерді қамту 100%-ды құрап, яғни 11 ауылдық округтегі 20 ауылда 22 шағын бизнес нысандарын ашу жоспарлануда. Жер саласы бойынша

2022 жылы аудан аумағында өз мақсаттарында пайдаланылмайтын жалпы жер көлемі 13452,6 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды оның ішінде 12078,7 га жайылымдық, 1373,9 га егістік жер.

         2023 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін өз мақсатында пайдаланылмай жатқан 5926 га ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды оның ішінде 593 га егістік, 5333 га жайылымдық жер. 

       Ағымдағы жылдың 17-21 шілде аралығында «Сафари Тау Шелек» ЖШС-нің1000 га жайылымдық жер учаскесі қайтарылды.

Іске қосылатын тұрғын үйлердің жалпы алаңы бойынша тұрғын үйді алу үшін кезекте  582 адам тұр. Тұрғын үй кезегін азайту мақсатында 2023 жылы 20 жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталады және Сарыбастау ауылылындағы екі коммуналдық тұрғын үй құрылысы жүруде. Облыс әкімінің қолдауымен ауданымызға аз қамтылған отбасыларыберілген76,6 млн.теңгеге 9 ауылдық округтен 9 үй сатып алынды. Қазіргі уақытта құжаттары рәсімделіп коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне өткізілгеннен кейін тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріледі.

Сонымен қатар кредиттік 30 тұрғын үйдің және 4 пәтерлі 10 үйдің жобалау сметалық құжаттамасын дайындалуда. Нәтижесінде 2023-2024 жылдар аралығында 70 тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Шағын және орта бизнесте ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінежұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 3510 бірлікті құрады (2022 жылдың тиісті кезеңіне салыстырғанда 19 % өсіп отыр), жұмыспен қамтылғандар саны 4,1 мың адамға жетті.

Инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6-есеге  ұлғайды. Алайда, тартылған инвестициясының 81,5%-ы немесе 4,7 млрд. теңгесі бюджет қаражаты есебінен тартылған.

    Облыста бюджет қаражатының есебінен тартылған инвестицияның көлемі 17 %-ды ғана құрайды.

Аудандағы 20 елді мекеннің 19 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген немесе 95 пайызды құрайды.

Осы мәселені шешу үшін бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлініп, 4 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (Қарасаз, Шәлкөде, Тегістік, Көкбел ауылдары).

Қазіргі уақытта Қарасаз және Шәлкөде ауылдарындағы ауыз су жүйесіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқаны өздерінізге белгілі. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары сапасыз болуына байланысты  «Дәнекер» ЖШС-гі құжаттары сотқа жолданған. Сот шешімі бойынша Қарасаз ауылындағы ауыз су жүйесіне 189,9 млн. теңгеге  жұмысын жандандыру үшін «Дәнекер» ЖШС- не жүктеді.   Шәлкөде ауылына қалған 37,2 млн. теңгеге жұмысты жандаңдыру үшін ашық конкурс ойнатылып, мердігер компания анықталды. «Газстрой  Проэкт» ЖШС-гі 26 млн. теңгеге ұтып алды.

Тұзкөл ауылының ауыз су жүйесін жаңғырту мен құрылысы  жұмыстары басталды. Жобалық құны 415 млн. теңге. Қазіргі күнге 395 млн. теңге ауыспалы нысан ретінде бөлініп, жұмыстары басталды.

Қаратоған ауылының ауыз су  жүйесінің биылғы жылы бастауға 50 млн. теңге бөлінді.  Жобаның сметалық құны 395 млн. теңге. Қазіргі күнге ашық конкурсқа берілді.

 

Автакөлік жолдары саласында

Ендігі кезекте ауыз су мәселесі шешілген елді мекендердегі аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары басты назарда және жылма жыл 1 млрд. теңге көлемінде қаражат бағыттаудамыз.         

2023 жылға жол үлесін арттыру мақсатында ауданда көлемінде  24,2 шақырым жолдар орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары  жасалынып, жыл соңына дейін  63,4%-ға шығу жоспарлануда.

Қазіргі күнге Шәлкөде ауылының ішіндегі көше жолдары 177,2 млн.теңгеге  орташа жөндеуден  өтуде.  Жаңа Текес ауылына 2,3 шақырымға (39,1 млн. теңге), Көмірші ауылына 3 шақырымға(53,2 млн. теңге), Қостөбе ауылына 1,5 шақырымға (24,5 млн. теңге),бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде.

Қайнар ауылыннан жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеуден өткізуге 19,6 млн. теңге, Текес ауылыннан жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеуден өткізуге 18,8 млн. теңге,Қарасаз ауылыннан жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеуден өткізуге 14,5 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Тегістік ауылына (5,9 млн. теңге),   Сүмбе ауылына (1,5 млн. теңге),    Қызылшекара ауылына  (1,4 млн. теңге),   көше жарық шамдарын орнатуға жобалық сметалық құжаттама жасау үшін ашық конкурс ойнатылып, "Игілік Стройпроект" ЖШС-гі ұтып алды.

Шәлкөде  ауылындағы басты көшеге 32,9 млн. теңгеге, Талас ауылындағы басты көшеге 7,5 млн. теңгеге металл қоршау орнату жұмыстарын жүргізуде.19,9 млн. теңгеге Қайнар  ауылындағы саябақтың қоршауын монтаждау  жұмыстарын жүргізуде.

        Кайнар ауылындағы кошелерді орташа жөндеу жұмыстары бойынша медігер анықталып, 65 млн. теңгеге келісім шарт жасалуда.

Әлеуметтік салаладаҚоғамдық жұмысқа 485, «Күміс жас» жобасына48, жастар тәжірибесіне 36 азамат тартылды. Жұмыссыз ретінде тіркелген 1525 азаматтың 272-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе 43,8% құрап отыр.

Аудан  бойынша Ұлттық жоба шеңберінде  6 нысан бойынша 108 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта нақты орындалғаны  102 адам ( 94%) құрайды.

Аудандаорташа жалақы 235,1мың теңгені құрады.

Білім беру саласындажобалық құны 990,0 млн. теңге болатын Қарасаз ауылындағы жаңа  өнер мектебі ғимаратының  құрылыс жұмыстары жұріп жатыр.

Көкбел ауылындағы Көксай орта мектебінің,  Көмірші ауылындағы Көмірші орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның құжаттары  ауданаралық экономикалық сотқа жолданылып, құрылыс жұмыстарын жүргізудегі тұрақсыздығы үшін 5,5  млн. теңге айыппұл салынды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 2 ай көлемінде уақыт берілді.

  Сарыбастау ауылындағы С.Сауранбаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Қызылшекара ауылындағы К.Байшығанұлы атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттарын жасатуға 20,0 млн. теңге бөлініп мемлекеттік сараптамаға жолданды. Қыркүйек айының аяғында сараптамадан шығады деп жоспарлануда.

Ағымдағы жылыденсаулық сақтаусаласында Нарынқол ауылында 2 млрд. 685,0 млн. теңгеге 250 орындық емхана құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар 20% орындалды.  Жобалық сметалық құжаттамасы түзетуден өтіпкеннен кейінгі жалпы құны 4 млрд.300 млн. теңгені құрады.

 Көмірші ауылында 134,2 млн. теңгеге медициналық пункт ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар 77% орындалды. Қараша айында қолданысқа беріледі.

2023 жылға Нарынқол ауылындағы аудандық емхананың жобалау сметалық құжаттамасын түзету жұмыстарына                      33,4 млн. теңге және мемлекеттік сараптамаға өткізуге 2,0 млн. теңге қаралды. Қазіргі күнге «Жетісу сәулет құрылыс» ЖШС-гі қайта есептеу жұмыстарын жүргізуде.

 Сүмбе ауылдық емханасына жобалау сметалық құжаттамасын түзету жұмыстарына 5,0 млн. теңге және мемлекеттік сараптамаға өткізуге 2,0 млн. теңге қаралып, «Қорған Геодезия» ЖШС-гі  ЖСҚ жасауда.

        Текес, Қайнар, Шәлкөде ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамасын жасатуға 12,9 млн. теңге қаралды. Қазіргі күнге жобалау сметалық құжаттамасы жасалуда.

          Тегістік ауылындағы жаңадан салынатын дәрігерлік амбулаторияға жобалау сметалық құжаттамасы жасалуда.

Қылмыстық жағдайғатоқталсақ.

2023 жылдың 8 айында 32 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,1 пайызға азайған.

( 2022 жылы 36 қылмыс тіркелген)

Жергілікті бюджеткежоспар 1 млрд. 329,8 млн. теңге болса, ол 1 млрд. 146,5 млн. теңгеге немесе 86,2%-ға орындалды.

Оның ішінде: облыстық бюджеттің жоспары 904,1 млн. теңге, орындалғаны 740,2 млн. теңге, аудандық бюджеттің жоспары 147,3 млн. теңге, орындалғаны 205,8 млн. теңгеге орындалып 139,7 %-ды құрады.

Шығыстар бойынша атқарылу 3 млрд. 905 млн. теңге жұмсау жоспарланса, оның    3 млрд. 857 млн. теңгесі игерілді немесе 98,8% орындалды.

Документы
Ақпарат
12 июня 2025
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын көпшілік алдында талқылау Райымбек ауданы 2026-2028 жылдар
Шешім
04 марта 2025
Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 36-194 «Райымбек ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шешім
24 декабря 2024
Райымбек ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Райымбек ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027жылдарға арналған бюджеттері туралы ЖОБА
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Райымбек ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы