Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

Рухани құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында ауданда 10 мәдениет ошақтары, оның ішінде 9 мәдениет үйлері, 1 ауылдық клуб, 9 кітапхана және Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі жұмыс жасайды. Аталған мәдениет ошақтарында мемлекеттік мерекелер, кәсіби мерекелер мен мәдени-көпшілік шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 2021 жылы мәдениет үйлерінде  579 шара, кітапханаларда 683, музейде 27, барлығы 1289  шара өткізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мәдениет ошақтарында ағымдағы жылы 62 шара, оның ішінде  танымдық сағат-8, тақырыптық кештер-6, ақпараттық сағат-5, дөңгелек үстел-10, ауызша журнал-2,  кітап көрмесі-2, видео шолу-4, онлайн кездесу-3, тарихи сағат-7, семинар-5, патриоттық кеш  - 10.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 45 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде танымдық сағат-5, тақырыптық кештер-7, дөңгелек үстел-8, ауызша журнал-2,  кітап көрмесі-2, видео шолу-2, онлайн кездесу-2, тарихи сағат-4,  семинар-6, патриоттық кеш  - 7.

Елбасымыз өзінің бағдарламалық мақаласында «Мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың жаңа тәсілдерін ойластыру керек» деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда аудан мәдениетін  әлем жұртшылығына паш ету мақсатында «Хантәңірі» халық театры Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен «Пятое время года»  халықаралық онлайн конкурс-фестивалініне қатысып,  алғашқы халықаралық деңгейдегі жеңісіне қол жеткізді. Театр  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэтикалық-сазды драмасын ұсынып жүлделі 1-орынды қанжығалады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Хантәңірі» театры Алматы қаласындағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер  театрында «Аққулар ұйықтағанда» поэтикалық-сазды драмасын сахналады.

«Туған жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы бірқатар шаралар ақиық ақын, Хантәңірінің мұзбалағы М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 8-ақпанында ақынның туған ауылы Қарасазда «Жырларым – жылдарыммен жалғасыңдар» атты республикалық деңгейдегі әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Оразбайұлы бастаған  елімізге танымал ақын-жазушылар, ауданнан шыққан Асқар Наймантаев, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева секілді өнер майталмандары, Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев, «Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың» төрайымы Айдарова Бақытгүл Қыдырбайқызы, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызы қатысып, облыстық «Жетісу»  телеарнасы арқылы насихатталды. Сондай-ақ, ақынның жаңа шыққан өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында «Шалқар кеші көнілді» атты Алматы қаласындағы Шалқар радиосында М. Мақатаевтың 90 жылдығы мен жаңа ашылған «Хантәңірі» театры туралы арнайы сұхбат ұйымдастырылды.

Алматы қаласындағы «Ұлттық кітапхана» ғимаратында жерлесіміз, жазушы Жақыпжан Нұрғожаевтың «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты М. Мақатаевқа арналған естеліктер жинағының ашылу салтанаты өткізілді.

26 наурызда Талдықорған қаласы М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге республиканың түкпір-түкпірінен қонақтар мен өнер жұлдыздары арнайы келіп қатысты.

19 - мамыр күні Алматы қаласындағы Aлматы галереясының көрме залында қылқалам шебері, жерлесіміз Тоққожа Қожағұлов пен  Темірхан Ордабеков, Жұмақын Қайранбаев, Бауыржан Найманов, Жақсылық Тобажанның ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған көркемсурет және графикалық шығармаларынан көрме ұйымдастырылды.

2021 жылы 22-23 шілде күндері С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен Райымбек аудандық  кітапханасының ұйымдастыруымен «Мұқағалитану ісін жандандыру және кітапханаларды цифрлық-электронды форматқа көшіру» атты облыстық  семинар-кеңесі өтті.

Сондай-ақ, жерлесіміз, ғалым, Әділ Ахметов пен профессор, ғалым, кәсіпкер Қайрат Әбек Зауытбекұлының қолдауымен аудандық кітапханада «Электронды кітапхананың» тұсаукесер рәсімі өткізілді. Цифрлы-электронды кітапханаға 5 моноблок сыйға тартылды. 

Ақынның 90 жылдығы республика, тіпті халықаралық деңгейде  ағымдағы жылдың 1-2 қазан күндері аталып өтті. 1-қазанда «Алаш жырының ақиығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілсе, 2-қазанда М. Мақатаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылып, гала концерт ұйымдастырылды.

Ақиық ақынның 90 жылдығына орай Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылынан ақынның ескеркішін орнатуға 61,8 млн.теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік сатып алу веб-порталының бір көзден алу тәсілімен мердігер «Тайқазан» ЖШС-мен 09.03.2021 жылы №01 келісім шарт жасалынды. Жоба құны 61,8 млн. теңге. Келісім шартқа сәйкес құрылыс жұмыстары аяқталды.

Сәуір айының 29 жұлдызында «Сенен қалған мұраны жалғау керек...» атты тақырыпта ақын Мұқатай Жылқайдарұлы шығармалары насихатталған әдеби-сазды кеш өтті. Шара барысында ақын Мұқатай Жылқайдарұлының 2 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес, Райымбек ауданы әкімінің Қаулысы негізінде Қарасаз ауылдық мәдениет үйіне ақын Еркін Ібітановтың есімі берілді. Осыған орай, ағымдағы жылдың  29-қазанында ақын Қарасаз мәдениет үйіне Еркін Ібітановтың есімін беруге байланысты салтанатты шара өткізілді.

Қайнар ауылдық мәдениет үйіне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы «Nur-Ai Group» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Текес ауылдық мәдениет үйіне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы «Бек-909» ЖШС-мен келісім шарт  жасалып жұмыстар атқарылуда. Жөндеу жұмыстары қараша айының соңында аяқталады.

Қақпақ мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы ашық конкурс ойнатылып, «СЕМ – Шоғы Құрылыс Сервис» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда аталған конкурсқа 1 шағым түсуіне байланысты құжаттар қаралуда.

Документы
Ақпарат
23 июля 2025
Состояние сферы культуры и спорта в районе за 1 полугодие 2025 года
Құжат
14 октября 2024
Хабарландыру
Хаттама
18 июля 2023
VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару, бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм, инновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы және жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Райымбек аудандық кітапханасы» КММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы