
- 2023 жылға әлеуметтік көмекке РБ-152 млн 488 мың теңге, ЖБ-38 млн 122 мың теңге, кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 29 млн 067 мың теңге бөлінді.
– Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларына 196 отбасындағы 1180 адамға82 млн 489 мың 121 теңгеден әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Кепілді әлеуметтік көмек 1 жастан 6 жасқа дейінгі 368 балаға тағайындалды. Сома 11 млн 535 мың теңгені құрайды.
– 29 отбасына 973 мың 275 теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
– Үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі 36 баланың отбасына материалдық қолдау көрсету мақсатында 1 млн 628 мың 400 теңге көлемінде жәрдемақы төленді. .
- Туберкулезбен ауыратын 8 азаматқа 927 мың теңге жәрдемақы төленді.
- Ауғанстанда, Тәжікстан-Ауғанстанда, Таулы Қарабақта, Кеңес Одағында әскери борышын өтеу кезінде мүгедек болып қалған 116 адамға, Кеңес Одағының жесірлеріне. Чернобыль апатына қатысқандар жалпы сомасы 7 млн 100 мың теңгені құрайтын әлеуметтік көмек алды.
– Протездік-ортопедиялық көмекке жүгінген 59 адамның 46-сы қамтамасыз етілді.
– Есту аппаратына жүгінген 11 адамның 7-еуі қамтылды.
– Тифлотехникалық құралдарға жүгінген 20 адамның 20-сы қамтылды.
– Жеке оңалту бағдарламасы бойынша санаториялық-курорттық емделуге жүгінген 67 адамның 51-і жолдама алды.
– Арбаға жүгінген 11 адамның 10-ы толық қамтылды.
- Міндетті гигиеналық құралдарға жүгінген 102 адамның 102-сі қамтамасыз етілген.
- Жеке көмекшінің қызметін 17 азамат пайдаланды.
– Аудандағы мекемелерде 52 жалғыз басты қарт, 35 мүмкіндігі шектеулі ересек адам, 14 мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр.
- ымдау тілі маманының қызметін алатын адам – 1. Инватакси қызметін алатын мүгедектер саны – 26 адам, 326 өтінішке тапсырыс берген.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
АӘК мыналарға тағайындалмайды:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);
2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;
3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;
5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.