Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер қатынастары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында еліміздегі пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтарып алу жөнінде айтқан болатын.
2018-2019 жылдары аудан көлемінде прокуратура органдарымен бірлесе 33 мың га аса өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жер учаскелері анықталған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Райымбек ауданы бойынша өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Ұзақ батыр ауылдық округіне қарасты Шәлкөде жайлауынан 4200 га жайылымдық жер учаскелері сот шешімі арқылы қайтты
Шәлкөде ауылдық округінен («Өсімдік» ЖШС-нің 2000 га) жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды.
Шәлкөде ауылдық округінен «NAC Product» ЖШС 535 га егістік жер учаскесі аудан жер қайтарылып пайдалану құқығы тоқтатылды.
Сүмбе ауылдық округінен «Ажарагро» ЖШС 959 га жері;
Сырт жайлауынан «Хан Тәңірі» ЖШС 5141,1 га жайылымдық жері;
Ұзақ ауылдық округінен берілген «A and D» company ЖШС-нің 1500 га жер учаскесін қайтару үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде (тиісті акт толтырылып, хабарлама жіберілді).
«Шиндал-Сан» 3505 га , «Қуат ЛТД» 14000 га, «Тengri Land» 400 га ЖШС жерлерін аудан жер қорына қайтару үшін Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.
Онымен қоса аудан көлемінде соңғы 2 жылда 13 мың га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. 19,5 мың га жайылымдық жер учаскесі соттың қарауында.
Ауданда қазіргі таңда жайылымның жетіспеушілігі жоқ. Сот тәртібімен қайтарылған жер учаскелерінің барлығы ортақ жайылымға беріледі.
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың 2017 жылғы 6-наурызында бекіткен жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2.1-тармағына яғни, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті ауылдық елді мекендер төңірегінде жайылымдық алқаптардың шекараларын анықтау және белгілеу жұмыстары қолға алынды.
Атап айтсақ, Шәлкөде ауылдық округінде 4880 га жер белгіленіп қаулысын алды. Сүмбе ауылдық округінен 2300 га, Тегістік ауылдық округінен 1500 га, Қайнар ауылдық округінен 1520 га, Қарасаз ауылдық округінен 2700 га, Жамбыл ауылдық округінен 1661 га, Ұзақ батыр ауылдық округінен 6660 га, Текес ауылдық округінен 1360 га, Қақпақ ауылдық округінен 1420 га, Сарыжаз ауылдық округінен 3500 га жер белгіленіп комиссия қортындысын алды.
Жалпы 11 ауылдық округ бойынша 29 мың га жайылымдық жер халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті ауылдық елді мекендер төңірегінде белгіленді.
2020 жылы 22 лот 1245,4 га жер, 2021 жылы 98 лот 860,6 га жер, конкурс арқылы берілді.
2022 жылдың III тоқсанында 120 лот 560 га жер учаскесіне конкурс арқылы жер кодексінің 48-бабына сәйкес аудан көлемінен жеке және заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру үшін 30 шілде күні бұқаралық ақпарат құралдарына конкурс жарияланды.



Документы
Ақпарат
05 октября 2026
Алматы облысы Райымбек ауданының әкімдігі (041419), Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22 ғимарат шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын келесі лоттар бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 10 жыл мерзімге беруге конкурс жариялайды.
Ақпарат
02 июня 2026
Конкурс хаттама 2026 жыл
Ақпарат
02 апреля 2026
Алматы облысыРайымбекауданыныңәкімдігі (041419), Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22 ғимарат шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын келесі лоттар бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 20 жыл мерзімге беруге конкурс жариялайды.
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Райымбек ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы