Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорт

Райымбек ауданында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін               107 бірлік, оның ішінде дене шынықтыру спорттық мәндегі нысандар (ДШМ) – 12, білім беру ұйымдарда (БҰ) -83, спорт мектептерде  (СМ) – 12 (оның ішінде ауылдық жерде - 110,) спорттық құрылымдар бар.

Соның ішінде:  3 спорт кешені (оның ішінде 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені),  15 атыс тирі, 55 жазықтық құрылым, 31 спорт зал, 3 жалғасып салынған спорт залдар.

 Райымбек ауданында  2022 жылы  дене шынықтыру және  бөлімнің  даму бағдарламасын орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:

Спорттық құрылымдар: ауданда  107  спорт құрылым ауылдық жерде жұмыс жасайды.

2023 жылы Сүмбе, Қызылшекара ауылдарында құрылысы жүріп жатқан спорттық кешендер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Дене шынықтыру кадрлары:

- Нақты осы уақыт бойынша ауданда дене шынықтыру және спортта 146 штаттық жұмысшы. 2021 жылмен салыстырғанда жұмысшылар саны 8 штаттық бірлікке артты (Оның 6 білім беру мектептерде дене шынықтыру мұғалімдері ұлғайып отыр; 2 спорттық мектептің жаттықтырушылар  саны ұлғайды;).

Дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстары:

  Осы уақытта ауданда дене шынықтыру және спортта 45 ұжым бар оларда 11104 адам спортпен айналысады.  Бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын аудан халқының 37,8 пайызын қамтиды.    2021 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға өсіп отыр.

2022 жылғы 1 қазан  статистикалық көрсеткіші бойынша Райымбек ауданының халық саны 29377 адамды құрайды. 

 Мемлекет басшысының бұқаралық спортпен шұ­ғылданушы халықтың санын 35 пайызға дейін жеткізу туралы міндетін орындау мақсатында Райымбек ауданында “Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14 спорт бойынша әдіскерлер-нұсқаушы беріліп, қазіргі уақытта олар барлық ауылдық округтерде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі және т.б. спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіп, аудандық бірншіліктеріне, спартакиадаларға ауылдық округ командаларын  іріктеп қатыстырады.

Спортшылардың оқу-жаттығулары бекітілген келісім-шартпен тегін түрде ауданның барлық спорт кешендерінде, спорттық-сауықтыру кешенінде, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, жалпы білім беретін мектептердің спорттық залдарында, стадиондарда және тағы басқа базаларда өтеді.

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек адамдарға аудандағы спорт құрылымдарына кедергісіз кіріп-шығуларына арнайы пандустар талапқа сай жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдануларына жағдайлар жасалған және тегін түрде қызмет көрсетіледі.

Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан облыстық және аудандық 52 спорттық іс-шаралар  ұйымдастырылып, оған 6000 адам қатысты. Оның 5 -і республикалық, 12 облыстық, 35 аудандық деңгейдегі жарыстар.

 Жыл басынан 15 спорт шеберлігіне үміткер және 20 бірінші дәрежелі,  8 екінші дәрежелі, 6 үшінші дәрежелі  спортшы дайындалды.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қазіргі III тоқсан қортындысы бойынша  15 қызмет көрсетілді.

Жыл басынан бері аудан спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда 67 медаль (23 алтын, 26 күміс және 18 қола) жеңіп алды.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту, жоғары жетістіктерге жету және аудан халқын спорттық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

 

 

Документы
04 марта 2020
Аудиторлық есеп «Дене шынықтыру және спорт бөлімі»
Мемлекеттік қызмет стандарты
17 апреля 2015
Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта
Қағида
22 ноября 2014
Об утверждении перечня видов физкультурно-спортивных организаций и правил их деятельности, в которых осуществляется учебно-тренировочный процесс по подготовке спортивного резерва и спортсменов высокого класса
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы