
- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз ету
- мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейінг оқытуды ұйымдастыру;
- мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныс енгізу;
оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
- аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық- техникалық базасын қамтамасыз ету;
- балаларға қосымша білім беруді камтамасыз ету;
- аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиядаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйыдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
- мекетепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
- білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
- білім беру мониторингін жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қаматамасыз етілуін ұйымдастыру;
- мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
- білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтакмсыз ету;
- негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;