"Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы: мамандарға жаңа мүмкіндіктер

"Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы: мамандарға жаңа мүмкіндіктер

"Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы: мамандарға жаңа мүмкіндіктер

Елімізде ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын азайту және мамандарды қолдау мақсатында "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұл жоба мамандарды ауылдық елді мекендерге жұмысқа тарту арқылы олардың тұрақтануына, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

"Дипломмен – ауылға" бағдарламасына жоғары оқу орнын немесе колледжді бітірген мамандар қатыса алады. Бағдарламаға білім беру, медицина, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп саласындағы мамандар қатыса алады.

Бағдарлама аясында төмендегідей қолдау шаралары қарастырылған:

  • Көтерме жәрдемақы (бір реттік төлем) 100 АЕК;
  • Баспана сатып алу немесе салу үшін 0,01% бюджеттік несие 2000 АЕК ;

2024 жылғы нәтижелер

Қонаев қаласының әкімдігі 2024 жылы "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы аясында 20 маманға көтерме жәрдемақы берді. Сонымен қатар, 2 маман баспана алу үшін бюджеттік несие рәсімдеді. Бұл мамандардың ауылда тұрақтап, жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік туғызды. Мемлекеттік қолдау шаралары білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет ететін мамандарға көрсетілді.

2025 жылғы жоспар және нәтиже

           Алдағы жылы аталған бағдарламаны кеңейту жоспарланып отыр. 2025 жылы 25 маманға көтерме жәрдемақы тағайындау көзделсе, 10 маманға тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие беру қарастырылған. Бұл ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жоюға және мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

            Қонаев қаласының әкімдігі 2025 жылы мамандарды қолдауға бағытталған жұмысты жалғастыруда. Осы жылдың мамыр айына дейін 13 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы (әр маманға 393 200 теңге) төленді. Сонымен қатар, 5 маман тұрғын үй сатып алуға 0,01% мөлшерлемемен бюджеттік несие алу үшін кезекке қойылды.

 

Бағдарламаның маңызы

            "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, мамандарға өз мансабын бастауға, тәжірибе жинауға және тұрақты жұмыспен қамтылуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның арқасында ауылдық өңірлерде білікті мамандардың саны артып, сапалы қызмет көрсету деңгейі жоғарылайды.