
Қыркүйек айының 10 жұлдызында Мәдениет үйінің залында,Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Қапшағай қаласының 50- жылдық мерейтойына байланысты «Қапшағай толқындары» атты онлайн – концерті өтті. Концерт барысындаШеңгелді ауылдық мәдениет үйінің директоры Медеубаев Райымбек Қосжанұлы, Қапшағай қаласының 50-жылдық мерейтойымен құттықтап, табыстар тіледі.Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің парақшаларында жарияланды.
Осы орайда мәдениет үйінің жанынаң құрылған «Асыл әжелер» ансамблінің орындауында «Қазақ елі», «Ариайдай» және деқазақ халқының әндерімен бірге жеке орындаушыларда Т.Ж.Итемгенова, Қ.Ж.Жакупов, А.А.Насырбекова, Ж.Н.Уксукбаева, А.Қ.Еликбаева әсем әндерін сыйлап, әлеуметтік желілерде желі қолданушылардың оң бағасын алып, пікірлерін қабылдауда.