«Дипломмен ауылға»: жас мамандарды қолдауға мүмкіндік

«Дипломмен ауылға»: жас мамандарды қолдауға мүмкіндік

«Дипломмен ауылға»: жас мамандарды қолдауға мүмкіндік

Мемлекеттік «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында Шеңгелді ауылдық округінде кадр тапшылығын шешуге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бастама ауылдағы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп салаларындағы мамандарды қолдауға арналған тиімді механизмге айналды.

2024 жылы қандай көмек көрсетілді?

Былтыр Шеңгелдіде жұмыс істеуге келген 20 маманға 100 АЕК көлемінде (369 200 теңге) бір реттік көтерме жәрдемақы берілсе, 2 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 2000 АЕК (7 384 000 теңге) көлемінде бюджеттік несие ұсынылды.

Биыл да мамандарды қолдау шаралары жалғасады. Атап айтқанда, 25 маманға көтерме жәрдемақы (393 200 теңге) және 10 маманға тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік несие (7 864 000 теңге) беру жоспарланған.

Бұл жоба елдімекендегі жас мамандар санын арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік жағдайын да жақсартуға сеп болмақ.

Міндеттемелер мен жауапкершілік

Жоба талаптарына сай, әлеуметтік қолдау алған маман кемінде 3 жыл бойы өз саласы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, маман мемлекеттен алған қаражатты толық көлемде қайтаруы тиіс. 2021–2024 жылдары келісімді бұзған 7 маманның 3-еуі қаражатты қайтарып берсе, қалған 4 маман бойынша сот арқылы өндіріп алу шаралары жүргізілуде.