Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы тағайындалды

Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы тағайындалды

Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы тағайындалды

Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Кулумбетов Ержан Мирамбекұлы мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2015 жылы ГИТИС - Ресей театр өнер университетін актерлік шеберлік мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Байқоңыр қаласында аккомпаниатор болып бастаған. Әр жылдары Мәскеу қаласындағы «АКСИОН агенттігі» ЖШҚ-да туризм бағытының директоры, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында вокал кафедрасының оқытушысы, Астана қаласындағы Оқушылар сарайында бас режиссер, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының аға оқытушысы, тәрбие және жастар ісі жөніндегі бөлімнің жетекшісі қызметтерін атқарған.

2023 жылдың тамыз-қараша айларында Петропавл қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымында болған. 2023-2024 жж. СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болған.