
Мектептердің аумағына 300-ге жуық ағаш егілді
Жаңару күні – табиғаттың оянып, жаңа өмір бастауын білдіретін ерекше күн. Бұл – айналаны тазарту, қоршаған ортаға жанашырлық таныту, табиғатпен үндестікте болу арқылы жан дүниені де жаңғыртатын сәт. Қазақ халқы бұл күнді ерекше қадір тұтып, көктеммен бірге жаңа бастамаларға қадам басуды дәстүрге айналдырған.
Осы күнге орай Қонаев қаласында тазалық жұмыстарына ерекше мән берілді. Мектеп аулаларында сенбілік ұйымдастырылып, 300-ге жуық ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, Алматы демалыс аймағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарының төңірегі қоқыстан тазартылды. Бұл шараға 120 адам мен 6 арнайы техника жұмылдырылды.
Табиғат пен адам үйлесім тапқан кезде ғана жаңару толық мәнге ие болады. Әрбір игі іс – болашақ ұрпаққа қалдырған аманатымыз!