
4 қыркүйек күні Шеңгелді ауылдық кітапхана ұжымы 5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тіл білу – өнер» тақырыбында лингвистикалық сайыс ұйымдастырды. Шара ауылдық кітапхананың оқу залында өткізіліп, шараға №6 орта мектептің 1 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы А.Раисова сайысқа қатысушыларға сайыс шарттарын түсіндіріп өтті. Сайыс 4 кезеңмен өтті. І-кезең: «Таныстыру». Бұл кезеңде топ басшысы тобын таныстырып өтеді. ІІ-кезең «Мақал-мәтел айтайық». Бұл кезеңде қазақ тілінде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек. ІІІ-кезең: «Ойлан, тап». Бұл кезеңде берілген жұмбақтардың жауабын тауып, сол сөзді үш тілде айту керек. ІҮ-кезең «Қорытынды», бұл кезеңде екі топтың ұпай санын санау арқылы жеңімпаз топ жарияланады. Сайыс соңында екі топ бірдей ұпай санына ие болып, лингвистикалық сайыста достық жеңіске жетті. Шара соңыңда кітапханашы кішкентай оқырмандарға алғысын білдіріп, қазақ тілі туралы қанатты сөздер айтып, жас ұрпақты елжандылыққа шақырып, шараны қорытындылады.
Раисова Асел Абилханқызы,
Шеңгелді ауылындағы №1 кітапхана-филиалының
кітапханашысы