
Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға болады:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек- балалар (балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар (тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер (18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (мүгедектер);
5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар
Қызмет алушыларға әлеуметтік қызметкерлердің келуі үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекіткен келу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес 8 түрі көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық қызмет, әлеуметтік-медициналық қызмет, әлеуметтік – психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогикалық қызмет, әлеуметтік- мәдени қызмет, әлеуметтік – экономикалық қызмет, әлеуметтік –құқықтық қызмет.
Қапшағай қаласы бойынша 50-ге шақты мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлімшенің 11 әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсетеді.
Карантин кезінде Қапшағай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері коронавирусты жұқтырмас үшін балаларды қашықтықтан аралады, қажет болған жағдайда балалармен жеке кездесуге барды.Ата-аналар мен балаларға COVID-19 алдын-алу туралы ақпарат берілді. Қызметкерлерге барлық сақтық шаралары туралы ақпарат берілді, сондықтан олар осы уақыт аралығында өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарады.