Биыл Қонаевта жаңа жағажай ашылады

Биыл Қонаевта жаңа жағажай ашылады

Биыл Қонаевта жаңа жағажай ашылады

Қонаев қаласына іссапармен келген тілшілер құрылысы аяқталуға жақын нысанның бірін аралап шықты. Ол – «Фридом финанс» компаниясының абаттандырған жағажайы.

Бұл аумақ 1 шақырымды алып жатыр. Мұнда шағын сәулеттік нысандар, орындықтар, шатырлар, фудкорттар, заманауи конструкциялар, бизнес орындары, санитарлық аймақтар, фотоаймақтар орналасқан. Аталған жағажай былтыр абаттандырылып, қолданысқа берілген №5 жағажайдың маңында орналасқан. Жағажай биылғы шомылу маусымында іске қосылады.

«Ал №6,7 жағажайларды «Қонаев ӘКК» АҚ қаржысына абаттандырып, қолданысқа беру жоспарланған. №8 жағажайда ауқымды инвестжобаның құрылысы былтыр басталған. Бұл жер Аттракциондар паркіне айналады деп көзделуде», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.

Айта кететін жайт, қалалық жағажайларға кіру тегін. Демалушылар тек тұраққа ақы төлейді.

Жалпы қалада 140-тан астам туристік нысан жұмыс істеп, салада 1,5 мыңнан астам адам еңбек етуде. Соңғы жылдары 4 ірі инвестжоба жүзеге асырылып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Былтыр шомылу маусымында Қапшағай су қоймасына 1,5 млн демалушы келген.