Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік!

Терроризм  актісі туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік!

Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады, терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарласу аса ауыр қылмыс қатарына жатады. Қазіргі таңдағы қауіпсіздік жүйесі мен жаңа технологиялар бойынша жалған хабарды жеткізген адамның тұрғылықты жерін және жеке тұлғасын анықтау қиындық тудармайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273 бабында дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не   болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерте кететін жайт, балалардың терророизм актісі туралы көрінеу жалған хабар жеткізген жағдайда ата-аналары жауапкершілікке тартылады және қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

 

Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм жасалған жағдайда арналған халыққа жаднама!

 

         Сізге терроризм актісі туралы хабарлама түскен кезде:

 

  • әңгіменің нақты мазмұнын есте сақтаңыз;
  • сөйлеу мәнерін, даусы ерекшеліктерін, өзгеше сөздер мен орамдарын белгілеңіз;
  • дыбыс фонды аңғаруға тырысыңыз;
  • мекеменің қауіпсіздік қызметін және құқық қорғау органдарын дереу хабардар етіңіз;
  • қорқыту бар хатты басқа қызметкерлерге бермеңіз.

 

Терроризм актісінің қаупі туындаған жағдайда халықтың іс-әрекеттері:

 

  • дереу эвакуациалауға дайын болыңыз, ол үшін бір сөмкеге құжаттарды, ақшаны, біраз азық-түлік салыңыз;
  • сырқат және қарт адамдарға эвакуациялауға дайындалуға көмектесіңіз, балкондар мен лоджиялардан жанар жағармай және тез жаңғыш материалдарды алып тастаңыз;
  • алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі – дәрмек дайындап қойыңыз, көршілеріңізбен өзара көмек көрсету туралы ақылдасып алыңыз;
  • адамдар көп жиналатын орындардан қашық болыңыз;
  • теледидар мен радиоқабылдағышты әрқаша қосылған түрде ұстаңыз;
  • құқық қорғау органдарына дереу ақпарат хабарлау үшін телефондар тізімін ұстаңыз;

(101-өрт қаупін сақтау, 102- полиция, 103- жедел көмек, 104 - газ, 112 – құтқару қызметі)        

 

Алматы облысы ҚАЖ Д

Қапшағай қалалық пробация қызметінің бөлім инспекторы

әділет аға лейтенанты

Б.Б. Мухамеханов