
Егін жинау уақыты – ауылшаруашылық жұмыстарының маңызды, соңғы кезеңі. Әр дақылды уақытылы жинау, егістіктің тоқтауына жол бермеу — егін жинау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі талаптары.
Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық кешенді бағдарламасына сәйкес 2020 жылы 13666 гектар егістік жер игерілді.
Ағымдағы жылдың егістік құрамында дәнді дақылдар - 4297 гектар, оның ішінде арпа – 3941 гектар, дәндік жүгері – 356 гектар, майбұршақ пен мақсары – 4062 гектар, картоп – 350 гектар, көкөніс – 1745 гектар, бақша дақылдары – 190 гектар, қант қызылшасы – 867 гектар, мал азықтық дақылдар – 2155 гектарды құрады.
Соның ішінде бүгінгі күнге жиналғаны: бақша дақылдары – 190 гектар (100 %), көкөністер – 803 гектар (46 %) және жаздық арпа 3941 гектар (100 %) және мақсары 1442 гектар (100 %) және картоп 350 га (100%).
Егін жинаумен қатар қысқа жем-шөп дайындау белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда азыққа 33000 тонна шөп, 31400 тонна сүрлем, 16800 тонна сабан, жемдік азық 11400 тонна дайындалды.
«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі