«Абайдың мәңгілік мұрасы» атты әдеби-сазды кеш

«Абайдың мәңгілік мұрасы» атты әдеби-сазды кеш

Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай­ла­нысты, ал даналығы қа­зір­гі заманмен үндес. Абай шығар­машылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді.

Абай – бүкіл адамзат игілігі. Оның поэзиясы – мәңгілік, даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы. Соң­ғы жылдардағы зерттеулерде Абайдың рухани ізденістері терең ашылып, оның ұлттық рухани қалыптасуындағы рөлі айқындалды. Бүкіләлемдік қауымдастық Абайдың туған күнін 1845 жылдың 10 тамызы деп есептейді.

Биыл ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы тойлануы қарсаңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.

Атаулы мерекеге орай Қапшағай қалалық мәдениет үйі мен Арна ауылдық клубының ұжымы «Абайдың мәңгілік мұрасы» атты онлайн әдеби-сазды кеші ұйымдастырылып өтті.  Концерт барысында ұлы ақын Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» атты әндері орындалып «Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап» өлең жолдарын Амангелді Дарын мәнерлеп оқып, 1,22,33 қара сөздерін Қасиет Талғатұлы мен Шәкір Әділжан мәнерлеп оқылды.

Ғұлама ақын, композитор,философ Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге.

 Авторы:  Арна ауылдық клубының әдіскері А.Бисенгалиева