10 тамыз Абай күніне арналған әдеби композициялық шығармалар топтамасының мәліметі

10 тамыз Абай күніне арналған әдеби композициялық шығармалар топтамасының мәліметі

«Халқымыздың Ұлы перзенті – дана Абай»

   2020 жылдың 10 тамызында қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана, ғұлама, әдебиетіміздің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған  «Халқымыздың Ұлы перзенті – дана Абай» әдеби композициялық шығармалар топтамасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты халықты білім мен ілім нәрімен сусындатқан данышпан Абайдың шығармаларын насихаттау.

  Әдеби композициялық шығармалар топтамасы үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты инсталляциялық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Абай Құнанбайұлының кітаптары, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына сонымен қатар Абайтанушы ғалымдардың еңбектері таныстырылды.

Екінші бөлімде кітапхана жанынан құрылған «Масат» клубының мүшелері А.Сұлтан мен Ғ.Нұрыллаұлының орындауында Абайдың аудармасы «Евгений Онегин» романынан Онегин мен Татьяна хаттарының көрінісін сахналады.

Үшінші бөлімінде бөлімде кітапхана жанынан құрылған «Масат» клубының мүшесі А.Терлікбаева «Жастықтың оты қайдасың», «Тихой ночью при луне» атты өлеңдерін оқыды.

Бөлім меңгерушісі Ф.Мырзагалиева