
Қонаевтағы жолдар қардан тазалануда
Қазгидрометтің дерегіне сүйенсек, қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні Қонаевта 5,3 см қар жауды.
Түннен бастап қала жолдарын тазалауға 14 арнайы техника мен қолмен тазалауға 20 адам жұмылдырылды. 8 Қаңтар күнгі сағат 12:00-ге дейін 80 текше метр қар шығарылып, 30 тонна инертті материал себілді.
Айта кетейік, қалада алдымен адамдар мен қоғамдық көлік көп жүретін көшелер мен тротуарлар тазаланады.