
Қонаев қаласы мен өңірі бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы
Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:
1) 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні;
2) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні және де Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні – 29 тамыз;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж санатындағы алушылардың тізбесі және көмектің мөлшері:
1) табиғи зілзала салдарынан, өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш – 786 400 теңге мөлшерінде ;
2) диспансерлік есепте тұрған АИТВ балаларының ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне немесе адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде – 92 456 теңге;
4) туберкулез түріндегі әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға әлеуметтік көмек 7 айлық есептік көрсеткіш – 27 524 теңге мөлшерінде;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек 15 айлық есептік көрсеткіш – 58 980 теңге мөлшерінде;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста 70 пайыздық шектен аспайтын, балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш – 19 660 теңге мөлшерінде төленеді.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмекті азаматтардың мынадай санаттарына біржолғы ақшалай төлемдер түрінде белгілейді:
мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш – 1 769 400 теңге және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш – 11 796 теңге;
мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабымен белгіленген, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш – 196 600 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы
9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш – 59 980 теңге;
Тұрғын үй көмегі - белгіленген нормалар шегінде отбасы табысының 10 (он) пайызы мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарының арасындағы айырмашылық ретінде аз қамтылған отбасыларға төленеді.
Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балаларды ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш – 31 456 теңге мөлшерінде беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) беріледі.