Қала әкімі 8,10,12-ш/а тұрғындарын қабылдады

Қала әкімі 8,10,12-ш/а тұрғындарын қабылдады

Қала әкімі 8,10,12-ш/а тұрғындарын қабылдады

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев, ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев, «Қонаев Тұрғын үй» ЖШС басшысы Жандос Манеев, Алатау Жарық Компаниясы филиалының өкілдері қатысты. Басқосуда жұрт жарықтың жиі өшетініне шағымданды.

Бұған дейін 10-шағынауданда «Қонаев Тұрғын үй» ЖШС қала әкімі Асхат Бердіхановтың тапсырмасымен 250 кВт-тық 2 трансформатор орнатып, желілердегі жүктемені азайтқан. Ал 8-шағынауданда 3 көшенің электр желісіне жөндеу жасаған. Алайда, бұл жеткіліксіз болып тұр. Сондықтан шаһар басшысы 8-10 шағынаудандардағы 4 трансформаторды ауыстырып, қосымша 3 трансформатор орнатуды тапсырды. Аталған жұмыстар қаңтар айында аяқталуы тиіс.

Көшелерді жарықтандыру бойынша биыл тек кей тұстардағы бағаналарға шамдар қойылды.

«Осы шағынауданның халқымен үнемі кездесіп жүрміз. Электроэнергиясы мәселесін бір жағына шығаруымыз қажет. Нақты тапсырмалар жүктелді. Енді оны уақытылы орындаңыздар. Апаттық жағдайлар болса, тұрғындарға хабарландыру беріп отырыңыздар. 7 трансформатор бойынша тапсырма орындалғанға дейін кезекшілік ұйымдастырыңыздар», - деді әкім.

8 ш/а Кеңестің төрағасы Светлана Бородихина шаһар басшысымен кездесу туралы өз пікірін білдірді.

«Асхат Ермекұлы барлық өтініштерді мұқият тыңдап, қажетті шараларды қабылдады. Осы уақытқа дейін де бірқатар жұмыс атқарылды. Мәселелер жуық арада түбегейлі шешілетініне сенімдімін», - деді ол.