Тұрғындармен кездесуде қандай мәселелер айтылуда?

Тұрғындармен кездесуде қандай мәселелер айтылуда?

Тұрғындармен кездесуде қандай мәселелер айтылуда?

Қала әкімі Асхат Бердіханов бірнеше шағынауданның және саяжайлардың тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде шаһар басшысы алдымен баяндамасын оқып, кейіннен халықтың сұрақтарына жауап берді.

Рауан ықшамауданының жұрты газдандыру мен электр желілерін жөндеуден өткізу туралы мәселені айтты. Сөздерінше, жарық жекеменшікте болғасын, жиі өшіп қалады. Ал газ тарту түйткілі биыл шешілуі керек болған.

«Газдандыру бойынша жоба биыл ғана мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Егер, ендігі жылға тиісті қаражат бөлінсе, онда құрылыс басталады. Ал қазіргі көгілдір отынды 1-2 млн теңгеге жүргізіп жатқандарға келсек, әрине, қымбат. Себебі, жекеменшік компаниялар өз қаражатына тартуда, одан бөлек, нарықтағы бәсекелестік ортаға сай құнын өндіріп алуда. Егер, көгілдір отын мемлекет қаржысына жүргізілсе, бағасы арзанырақ болатыны сөзсіз», - деді Асхат Бердіханов.

Ал жарықтың жиі өшуіне байланысты әкім Кешенді даму жоспарына сәйкес жоба жасалып жатқанын атап өтті.

«Жарық жиі өшеді. Себебін өздеріңіз де білесіздер. Біз электр желілерін жаңарту бойынша жоба жасап жатырмыз. Ол жүзеге асу үшін ТҮКШ бөлімі жұмыс жасауда», - деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ әкім саяжайлардың инфрақұрылымын дамыту бойынша қолға алынған шараларға тоқталды. Мысалы, биыл Құрылысшы шағынауданындағы ескі желілер түгелдей өшіріліп, жеке тұрғын үйлер жаңа электр желісіне ауысуда.