
Биыл қысқы маусымда қар күреуге, көшелерді тазалауға 15 техника мен 30 жұмысшы жұмылдырылмақ. Қажет болған жағдайда коммуналдық қызмет көрсетуші басқа да мекемелердің техникасы жұмысқа тартылады. Қазіргі таңда 360 тонна инертті материал мен техника тұратын қысқы гараж дайындалып қойған.
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов мердігердің базасына барып қайтты. Ол қысқы қар тазалау кестесін жүйелі етіп жасап, техникалардың үздіксіз қызмет етуін қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, қалаішілік жолдардың ұзындығы 214 шақырымды құрайды. Қар жауғанда алдымен қоғамдық көлік көп жүретін жолдар тазаланып, кейіннен басқа көшелер тазаланады.