
Құрметті 18, 19, 20, Спутник, Рауан ы/а және барлық бағбандық серіктестіктердің тұрғындары!
Қонаев қаласының әкімі Асхат Ермекұлы Бердіханов 11 желтоқсанда сағат 11.00-де қалалық Мәдениет үйінде осы шағынаудандардың тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз.
Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды Мәдениет үйінің және қалалық әкімдіктің ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/activities/population?lang=kk ) жіберулеріңізге мүмкіндік бар.
Сондай-ақ кездесуге дейін Мәдениет үйінде қала әкімдігінің бөлім басшылары тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.