Инженерлік желілерді тарту жұмыстары желтоқсанда аяқталады

Инженерлік желілерді тарту жұмыстары желтоқсанда аяқталады

Инженерлік желілерді тарту жұмыстары желтоқсанда аяқталады

Мұны халықпен кездескен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов мәлім етті.

Ол өзінің баяндамасында 8,10 және Қарлығаш ш/а-да инженерлік желілерді тарту туралы тоқталды.

«8-10-ш/а-да кәріз құбыры мен сумен жабдықтау желілері жүргізіліп жатыр. Мердігер – «Azia Canal Qurylys» ЖШС. Қазір жұмыстың 90-95 пайызы аяқталған. Ал Қарлығаш ауданында құрылысты «Қапшағай Көркейту» ШЖҚ МКК жүргізуде. Желтоқсанның соңына таман екі жоба да өз мәресіне жетеді деп күтілуде», – деді әкім.

Сонымен қатар ол әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін атап өтіп, кейіннен тұрғындар сұрағына жауап берді. Оның бірі Қарлығаш ш/а-да жарықтың жиі өшетіні жайлы сауал болды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілінің мәліметінше, аталған мәселе ТҮКШ бөлімінің мамандарымен талқыланған. Ендігі жылға қаржы бөлінсе, тағы бір желі тарту жоспарлануда.

Одан бөлек, биыл жыл соңына дейін «Қонаев Тұрғын үй» ЖШС 400 МВт-тық қуатты трансформаторларды қояды. Алайда, серіктестік басшысы Жандос Манеев ток сымдарының жеке меншікте екенін айтты.

«Шағынаудан бой көтере бастағанда тұрғындар өз қаржысына сымдарды жүргізген. Содан соң олар жеке меншікте қалып кеткен. Халық электр желісін ТҮКШ бөлімінің иелігіне тегін қайтаруы тиіс. Әйтпегенде, мәселе түбегейлі шешілмейді, күрделі жөндеу жасалмайды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әкімдік балансына алыңыздар», - деді Асхат Бердіханов.

Сонымен бірге бұқара Гүлдер шағынауданына жарық бағаналарын қою, газдандыру проблемасы жайлы сөз етті. Бұл бойынша тиісті мамандарға тапсырма берілді.