
Қонаевта 94 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі
Қонаевта 1 тұрғын үй бюджет есебінен, 6 тұрғын үй инвестор есебінен тұрғызылып жатыр.
Жыл соңына дейін 94 мың шаршы метр үйді қолданысқа беру көзделуде.
Бюджет есебінен 10 шағынауданда 60 пәтерлік 3 блок тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Қазір 95% жұмыс аяқталған, желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жобаның жалпы құны – 3 млрд. теңге. Бұл пәтерлерді тұрғындар «Otbasy bank-тің» бағдарламасы арқылы сатып ала алады.
Ал инвестор қаржысына тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер келесідей:
Сондай-ақ инвестор есебінен 18 жеке тұрғын үйге бой көтеруде. Инвестор – «R&M Constraction» ЖШС. Аталған нысанның құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Үйлер 3-4 бөлмелі. Жалпы аумағы – 1,1 гектар. Қазіргі таңда терезелерді, жылы еден және шатырларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жол салынуда. Барлық жұмыстар аяқталғасын, құрылыс бөлімі әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін осы жеке тұрғын үйлерді сатып алмақ ниетте.
Бұдан бөлек, биыл 85 пәтер әлеуметтік осал топтағы жандарға берілгенін атап өткен жөн. Алдағы уақытта осы мақсатта 176 пәтер сатып алу жоспарланған.