
Қапшағай қаласының әкімдігі Қапшағай су қоймасының аумағында 2020 жылы 85 туризм нысаны жұмыс істейтінін хабарлайды.
Барлық туризм объектілері (демалыс аймақтары, қонақ үйлері, демалыс үйлері, санаторий, қонақ үйлер және т.б) Қазақстан республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 16 және 17-қосымшасындағы алгоритмге сәйкес жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 шілдедегі №21 қаулысына сәйкес туризм объектілері (демалыс аймақтары, қонақ үйлері, демалыс үйлері, санаторий, қонақ үйлер және т.б) алдын ала бронь бойынша жобалық қуаттың 50%-ын толтырумен жұмыс істеуі тиіс.