
Қаланы абаттандыруға айрықша көңіл бөлінуде – Асхат Бердіханов
Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов бірнеше шағынауданның тұрғындарымен кездесті.
Жиында ол бірқатар мәселенің шешу жолына тоқталды. Негізгі жоспарлар мен атқарылған жұмыстардың қорытындысы келесідей:
• «Аулаларды абаттандыру» жобасы аясында 1-шағынаудандағы 7 аулада жұмыстар аяқталды. Қалған 10 алаң құрылысы жыл соңына дейін жүргізіледі
• «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде тұрғындардың өтінімдері бойынша 480,6 млн.теңге сомасына 10 жоба іске асырылуда
• Қалада 1020 «ақылды шам» орнатылды
• 15 үйдің қасбеттері сырланып, 13 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
• 85 отбасына пәтер кілттері табысталды
• 9 көшеге ағымдағы жөндеу жасалып, 22 көшеде шұңқырлар жамалды
• Көшелер бойына 620 дана жол белгісі қойылды. Мүгедектігі бар адамдарға тұрақтардың орны белгіленіп, тиісті шаралар атқарылуда
• Қала бойынша жолаушылар тасымалымен 28 автобус айналысуда. Ендігі жылы қосымша 5 қоғамдық көлік сатып алу жоспарланған
• Гүлдер, Арна, Восточный шағынаудандарына 23 жаңа автобус аялдамасы қойылады.
Шаһар басшысы баяндамасының соңында Қонаевты жайлы әрі адамдарға ыңғайлы етуге аса мән беріліп отырғанын айтты. Кейіннен ол халықтың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ қала әкімі Асхат Бердіханов және бөлім басшылары халықты жеке мәселесі бойынша қабылдады.