
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысы қарқын алып келеді
Қонаев қаласында Белсенді өмір сүру орталығы қыркүйек айынан бері жұмыс істейді.
Аталған орталықта зейнеткерлерге арнап йога, цигун, би, емдік-денешынықтырудан, скандинавтық жүруден үйірмелер ұйымдастырылған. Барлық секциялар тегін.
Бүгінде мекеме жұмысы қарқын алып келеді. Әсіресе, Қонаевта биге қатысушылар көп.
«Зейнеткерлерге салауатты өмір сүру салтын ұстану маңызды. Мұнда олар тек спортпен шынығып қоймай, бір-бірімен коммуникация орнатып, уақыттарын тиімді жұмсайды. Қауіпсіздікті қамту мақсатында әр жаттығуды дәрігерлер бақылап отырады», - дейді орталық кеңесшісі Халипа Рахметова.
Жаттығуға жазылу үшін: +7 707 861 6587