
Қонаев қаласында 295 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 40-ның шатыры, 165-і қасбетін жөндеуді қажет етеді.
Биыл жылдың аяғына дейін 13 үйдің шатырын жөндеп, 15 үйдің қасбетін сырлау жоспарлануда. Сондай-ақ 4 және 5-ш/а-да дәрігер, полицей, тазалықшы секілді мамандарға арналған 3 мурал салынып жатыр. Алдағы 1 аптаның ішінде толық боялып бітеді.
Жалпы облыс орталығы болғалы, Қонаевта Д.А.Қонаев, Абай Құнанбайұлы, Әл-Фараби секілді ірі тұлғалардың және құтқарушыларға, бірлікке арналған муралдар пайда болды.