Қонаевта Республика күні кең ауқымда тойланды

Қонаевта Республика күні кең ауқымда тойланды

25 Қазан – Республика күніне орай, орталық алаңда концерт ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада Олжас Абай, Жігер Ауыпбаев, «Жігер» тобы, «Әдемі-ай» дуэті, Баян Нұрмышева, Ерлан Орынбасар, Құдайберген Бекіш, Айбек Серікханов, Қажымұрат Шешенқұл секілді танымал әншілер мен жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.

Сондай-ақ «Del mare» демалыс орнынан 3 сертификат, «Comfort» демалыс орнынан 3 сертификат, «Арыстан» фитнес клубынан 3 абонемент, «Шағала» кинотеатрынан 3 билет ойнатылды.

Күннің салқындығына қарамастан, концертті тамашалауға келген жұрттың қарасы көп болды.

«Республика күні құтты болсын! Еліміз жасай берсін! Қаламыздың жетер жетістігі көп болсын! Концерт ұнады, көңіліміз бір серпіліп қалды. Немерелерім де мәз-мейрам болып, ойнап жүрді», - деп пікірін білдірді Гауһар есімді әжей.

Аталған кеште демеушілік жасаған серіктестіктерге қала әкімдігінің атынан алғысымызды білдіреміз.