Автомобиль жолдарын 2020 жылдың қысқы мерзімінде күтіп ұстау туралы ақпарат

Автомобиль жолдарын 2020 жылдың қысқы мерзімінде күтіп ұстау туралы ақпарат

Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» трассасының автомобиль жолының 52-67 км аралығына «КазАвтоЖол» АҚ ҰК-ның ақылы жолдар бөлімшесі қызмет көрсетеді.

Барлығы 16 жұмыскер (оның 5 жүргізуші) және 5 техника қызмет етуде.

ДЭУ-15 Алматы-Өскемен Республикалық маңыздағы автомобиль жолының 67-124 км аралығына қызмет көрсетеді.

Барлығы 31 жұмыскер және 10 жүк техникасы, 1 тиегіш, 1 грейдер қызмет етуде.

Алматы-Өскемен Республикалық маңыздағы автомобиль жолының 85-і км-де-2 демалу алаңы, 105-і км-де 2 демалу алаңы және 124 км 1 демалу алаңы бар.

Облыстық маңызы бар жолдардың (Алматы-Өскемен жолының 62 шақырымынан Арна ауылына дейін 5,2 шм, Алматы-Өскемен жолының 69 шақырымынан Қарағанды жолына дейін 2,1 шм, Алматы-Өскемен жолының 76 шақырымынан Қазақстан елді мекемніне дейін 5,5 шм, Алматы-Өскемен жолының 83 шақырымынан Балхаш ауданы бағытында 20,2 шм, Ермин демалыс аймағы бағытында 9,3 шм, Алматы-Демалыс базалары бағытында 1,2 шм, қосқұдық ауылына кіреберіс жол 12 шм, Сарыбұлақ ауылына кіреберіс жол 24 шм) Қысқы мерзімде күтіп ұстау «Балхаш жолдары» ЖШС-не жүктелген. (79,5 шақырым)

Осы облыстық маңызы бар жолдарды қысқы мезгілде күтіп ұстау үшін МТЗ-82 трактор-4, Зил құм шашатын-3, фронтты жүк тиегіш (фронтальный погрузчик), 1 грейдермен қамтылған.

 

Қапшағай қаласы ішіндегі жолдармен Шеңгелді, Заречный ауылдық округтеріне баратын жалпы ұзындығы-147,5 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын 2020 жылдың қысқы мерзімінде күтіп ұстау үшін «Альянс Центр» ЖШС-мен қаңтар, ақпан айларына келісім-шарт жасалды.

Қаңтар-ақпан айлары аралығында мердігер тарапынан қысқы мерзімде көктайғақ кезінде себуге арналған 180 тонна құм, 30 тонна тұз дайындалды. Сонымен бірге Қапшағай аумағы бойынша жалпы ұзындығы 147,5 шақырымды құрайтын жолдарға барлығы 16 техника:1-МД 433 қар тазалайтын машина (су тасығыш, күрегімен, щеткасымен), 1-ГАЗ-5312 (АС) машинасы, 1-Трактор фотон, 1-Трактор экскаватор ЮМЗ-6 Боркс, 1-Газ-476447 самосвал, Камаз 45143012-13 , 1-трактор (мини погрузщик 0,8 кубтық), 1-трактор Белорусь-89, 1-трактор МТЗ 82, 1-Урал, 1-Камаз, 1-Зил, 1-Газ-газель 2705 жүк машинасы, 1-автобус Паз 3205423 техникалары және 16-жүргізуші, тракторист пен 20-жұмысшылар жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта қараша, желтоқсан айларына қысқы мерзімінде күтіп ұстау жұмыстарына мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тарапынан мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.