«Дана – Абай, дара – Абай» электронды альбомы

«Дана – Абай, дара – Абай» электронды альбомы

15 шілде қалалық кітапхананың әлеуметтік желілерінде «Дана – Абай, дара- Абай» атты электронды альбом өтті. Электронды альбом ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Шараның  мақсаты- ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығы мен рухани асыл мұраларын дәріптеп, өлеңдері мен әндерін оқырмандар арасында насихаттау. Электронды альбомда кітапхананың тұрақты оқырманы Д.Нұрқасым ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректер оқып, ақынның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары және әлемдегі Абай ескерткіштері туралы мәліметтер берілді. Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Заман ауысып, уақыт өткен сайын жас ұрпақтарымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

Бөлім меңгерушісі Ф.Мырзагалиева