Заречный ауылдық округіндегі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясындағы жұмыстары

Заречный ауылдық округіндегі  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының  аясындағы жұмыстары

Бүгін округ әкімі Б.Дүйсенбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Заречный ауылында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Төле би, Тәуелсіздік, Мира, Садовая көшелеріне барып жасалынып жатқан жұмыс барысымен танысты. Танысу барысында округіміздің коммуналдық қызмет басшыларына су және жылыту жүйесіне қарасты құдықтардың асфальт жабындысының астында қалып қоймауын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен бірге қақпағы жоғалған құдықтарды түгелдей анықтап, тез арада орнына келтіру қажет екендігін ескертті.