Қонаевта суды пайдаланудың тарифі өзгереді

Қонаевта суды пайдаланудың тарифі өзгереді

Қонаевта суды пайдаланудың тарифі өзгереді

«Қонаев Су Арнасы» ШЖҚ МКК Алматы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің Бұйрығына сәйкес, 1 тамыздан бастап сумен жабдықтау және су бұру үшін жаңа тарифтер енгізеді:

1. Сумен жабдықтау – 1 текше метр суға 76,25 тг;
2. Су бұру – 1 текше метр суға 66,05 тг.

Су көрсеткіштерін 31 шілдеге дейін тапсыруларыңызды сұраймыз! 1 тамыздан жаңа тариф бойынша есеп жүреді.

Бұған дейін сумен жабдықтау үшін тариф 64,69 тг, су бұру – 53,36 теңге болған.