
Биыл Шеңгелді ауылдық округінде 8050,4 га жер игерілді. Оның ішінде: жүгері - 1027 га, дәнге арналған жүгері - 1447,0 га, көпжылдық шөптер -700,0 га, пияз - 511 га, арпа - 1791,7 га, қант қызылшасы - 241,0 га, бақша дақылдары - 289,2 га, картоп - 93,6 га, соя - 523,0 га, көкжидек - 5 га.
Сонымен қатар 826 га аймақта суды үнемдеу технологиясы пайдаланылуда.
Шаруа қожалықтары 883,7 тонна тыңайтқыш алып, пайдаға асырды. Көктемгі дала жұмыстарына 129,0 тонна дизель отынына өтінім беріліп, мақұлданды. Күзгі дала жұмыстарына 119,1 тоннаға өтінім берілді.
Сондай-ақ 4 су беруші компанияға 450 млн. теңге көлемінде субсидия төлеу жоспарлануда. «Қонаев ӘКК-нің» тұрақтандыру қорына 500 тонна жуа, 1200 тонна картоп өткізу үшін келіссөздер жүргізілуде. Өнімді өткізу бойынша ірі сауда желілерімен келісімшартқа отырған шаруалар да бар.
Жалпы күзгі дала жұмыстарының нәтижесінде қанша тонна өнім алынғаны жайында ақпарат кейінірек жарияланады.
Айта кетейік, Шеңгелді ауылдық округінде 433 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер, 52 ЖШС, 20 әлеуметтік-кәсіпкерлік кооператив жұмыс атқаруда.